«Саналы ұрпақ» студенттік клубы қатысушыларының Республикалық слеті


2021 жылдың 17 қарашада Қарағанды техникалық университетінде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және парасаттылық мәдениетін ілгерілету бойынша «Саналы ұрпақ» жобасының 2021-2022 оқу жылына арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс — қимыл кешенді жоспарының 1.6-тармағын іске асыру шеңберінде «Саналы ұрпақ» студенттік клубы қатысушыларының диалог-кездесу форматында, ҚР жоғары оқу орындары базасында «Sanaly urpak» республикалық жобалық кеңсесінің басшысы К.А.Токушевтің басшылығымен республикалық слеті өткізілді.

Қонақтар: Әл — Фараби атындағы ҚазҰУ, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университеті, Қарағанды индустриялық университеті, Қарағанды медициналық университеті, Манаш Қозыбаев атындағы СҚУ. Ұйымдастырушылар: Қарағанды техникалық университеті, ҚХА және ӘГП кафедрасы.

Слеттің мақсаты: жас ұрпақтың азаматтық қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы неғұрлым кең білім алуы, жеке сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық көріністерін жою, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы ойлау мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты қалыптастыру.

Қарағанды техникалық университетінің комплаенс-офицері Г.С. Жетесова алғы сөз сөйледі. Одан әрі, клуб өкілдерінің әрқайсысы өз жұмыстарымен таныстырып, алдағы жылға арналған даму перспективаларымен бөлісті. Өткен слеттің қорытындысы бойынша слетке қатысқан жоғары оқу орындарының ашықтығын арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған үгіт-насихат іс-шараларын күшейту, клуб мүшелерінің қатарына студенттерді көптеп тарту бойынша ұсыныстар қаралды және ұсынылды. «Sanaly urpak» республикалық жобалық кеңсесінің басшысы аталған слетті ұйымдастырғаны үшін алғысын білдіріп, осындай іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті.

Без рубрики