Гедиминас (Литва) атындағы Вильнюс техникалық университетінің профессорыны Jurate Schliogerine студенттерге, магистранттар мен докторанттарға, «Құрылыс материалдары және технологиялар» кафедрасының оқытушыларына арналған шеберлік сыныптары


ҚР БҒМ шетелдік ғалымдарды тарту бағдарламасы аясында Қарағанды техникалық университеті Гедиминас атындағы  (Литва) Вильнюс техникалық университетінің профессоры, PhD докторы профессоры Jurate Schliogerine лекцияларын оқу, шеберлік сыныптарын, семинарлар, ғылыми кеңестер мен тренингтер өткізу үшін «Құрылыс материалдары мен технологиялары» кафедрасына шақырды.

28.10.2021-28.11.2021 жылы аралығында шақырылған профессор барлық деңгейдегі білім алушылармен және кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамымен өзекті дәрістер мен семинарлар, шеберлік сыныптарын, тренингтер мен ғылыми кеңестер өткізді.

8D07302 – «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру» және 8D07301 – «Құрылыс» білім беру бағдарламалары бойынша білім алатын кафедра докторанттарымен «Sustainable development of territories and real estate. Integrating the concept of sustainable development into the solutions of the construction sector» өзекті тақырып бойынша семинарлар мен кеңестер өткізілді.

Кафедра магистранттары үшін құрылыс материалдары мен материалтанудың заманауи технологиялары бойынша шеберлік сыныптары, дәрістер мен семинарлар өткізілді.

Шақырылған профессор сондай-ақ кафедра студенттері үшін «Sustainable development of real estate» пәні бойынша ағылшын тілінде дәріс және семинар сабақтарын өткізді. Jurate Schliogerine сандық білім беру мультимедиялық тапсырмаларын, бейне сабақтарын әзірлеуге тікелей қатысты: https://youtu.be/mB_dBz-NvP8.

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамымен және қызметкерлерімен «Жылжымайтын мүлікті тұрақты салу және басқару бойынша ғылыми жарияланымдарды дайындау» тақырыбы бойынша тренингтер ұйымдастырылды. Тренинг қорытындысы бойынша қатысушылар тиісті сертификаттар алды.

Профессор Jurate Schliogerine кафедраның ПОҚ-ның халықаралық рейтингтік журналдарда жариялау белсенділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеуге көп көңіл бөлді. Ол кафедраның жетекші оқытушыларына кеңес, ұсыныстар берді және олармен бірлескен: «ANALYSING THE CONVERSION OF INDUSTRIAL BUILDINGS IN THE CONTEXT OF THE SUSTAINABILITY ASPECT», «ASSESSING OF  STAINABLE INVESTMENTS IN RESIDENTIAL BUILDINGS» ғылыми мақалалар дайындады.

Профессор Jurate Schliogerine студенттердің сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасын, магистранттар мен докторанттардың, сондай-ақ кафедраның ПОҚ тағылымдамаларын іске асыру мәселелері бойынша алдағы жылдарға арналған жоспарларды талқылап, семинар өткізді.

Қарағанды техникалық университетінің кафедра меңгерушісі  Е.К. Имановпен бірге Вильнюс техникалық университетімен жұмыс қорытындылары мен одан әрі өзара әрекеттесу жоспарларын талқылады.

Без рубрики