«Химия және химиялық технологиялар» кафедрасында Тюмень мемлекеттік университетінен (РФ) шақырылған ғалым жұмыс істейді


ҚР БҒМ шетелдік ғалымдарды тарту бағдарламасы аясында Қарағанды техникалық университеті «Химия және химиялық технологиялар» кафедрасына х.ғ.д., «Тюмень мемлекеттік университеті» (РФ) ЖБ ФМАБМ Химия институтының «Органикалық және экологиялық химия» кафедрасының профессоры И. В. Кулаковты білім алушыларға, қызметкерлерге және ПОҚ-ға консультациялар, ғылыми семинарлар, шебер-кластар өткізу, дәрістер оқу үшін шақырды.
ХжәнеХТ кафедрасы «Корпоративтік университет» инновациялық-білім беру консорциумы туралы Келісім шеңберінде ТюмМУ-мен белсенді халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады.

ХжәнеХТ кафедрасының қызметкерлері мен ПОҚ үшін «Scopus\ Web of Science рейтингтік журналдарында мақаланы жариялау үшін мен не істеуім керек? Материалды ұсынудағы негізгі кеңестер мен қателіктер» тақырыбы бойынша дәріс оқылды.

ҚарТУ жанындағы «Жаңа материалдар» ҒЗИ-да өсімдік шикізаты – қайың қабығынан бетулинді алу, қайта кристалдау әдісімен тазарту тәсілдері, сондай-ақ кеңес беру және бетулинді фосфорлау өнімінің синтезін жүргізу шебер-кластары өткізілді. Бұл «Жаңа биологиялық белсенді заттарды іздеу мақсатында өсімдіктерден табиғи тритерпеноидтарды бөлу және оларды химиялық трансформациялау әдістерін әзірлеу» гранттық жобасының жұмыс жоспарымен келісілген. Цитизиннің 2,3-дибромпропилизотиоцианатымен конденсация реакциясының өнімі бөлініп, тазартылды. ЯМР 1Н және 13С-спектрлік және масс-спектрометриялық зерттеулер үшін қосылыстар дайындалды.

ХжәнеХТ кафедрасының қызметкерлері үшін ChemBioDraw химиялық бағыттағы типтік бағдарламаларды, ЯМР спектрлерінің және масс-спектрлерінің түпнұсқалық файлдарын талдау және шифрсыздандыру үшін АCDLABS (ChemSketch, SpecManager, Name) және Хcalibur бағдарламалар пакетін қолдану және пайдалану бойынша шебер-кластар өткізілді. «Reaxys» деректер базасында органикалық қосылыстардың құрылымдары мен алу әдістерін іздеудің негізгі ережелері мен принциптері көрсетілген.

«Органикалық заттардың химиялық технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша білім алатын 1-курс магистранты А.Ю. Мұхамеджановпен шетелдік ғылыми кеңесшісі ретінде профессор В. И. Кулаков «Лупан тритерпеноидтарының синтезі және биологиялық белсенділігі» тақырыбында магистрлік диссертациясын орындау бойынша жұмыстар жүргізді. Магистрант қажетті ақпаратты іздеудегі негізгі тәсілдермен және проблемалармен (әдеби шолу), органикалық қосылыстардың жіктелуімен және МҒЗЖ орындау кезінде қазіргі заманғы химиялық деректер қорын талдаумен танысты және магистрлік диссертацияның негізгі бөлімдері бойынша кеңес алды.

«Корпоративтік университет» инновациялық-білім беру консорциумы туралы Келісім шеңберінде ХжәнеХТ кафедрасы ғалымдарының болашақ өзара іс-қимыл және ынтымақтастық, ХжәнеХТ кафедрасының магистранттары, қызметкерлері мен ПОҚ-тың академиялық ұтқырлығы және ТюмМУ-да тағылымдамадан өту мәселелері бойынша ТюмМУ басшыларымен және ғалымдарымен бірлескен онлайн-кеңесі өткізілді. ҚР мен РФ гранттарына бірлескен өтінімдер жазу, Scopus, WoS шетелдік базаларына кіретін рейтингтік журналдарда жариялау мәселелері қозғалды.

Без рубрики