«Жас қаламым қолымда» атты жас жазба ақындар мүшәйрасы


2020 жылдың 26 қараша күні «Серпін-2050» оқу орталығының ұйымдастыруымен Microsoft Тeams арқылы Қарағанды техникалық университетінің студенттері арасында жас ақындардың ой өрісін кеңейтіп, шығармашылығына шабыт беретін «Жас қаламым қолымда» атты жас жазба ақындар мүшәйрасы өтті. Мүшәйраға 6 ақын қатысты: РЭТ-19-1 тобының студенті Алтаев Бекжігіт, СИБ-19-2 тобының студенті Айтбай Назерке, ЦАФ-19-3 тобының студенті Жолдас Әсемай, БТ-20-1 тобының студенті Жарылғасын Мадина Асылханқызы, БТ-18-1 тобының студенті Жақыпова Ақерке, ЭЭ-18-1 тобының студенті Сейілхан Асылмұрат.

Ақындар мүшәйрасы 3 бөлімнен тұрды:

  1. Махаббат лирикасы.
  2. «Мен сенімен егізбін жырым менің». Өзінің шабыты, шығармашылық ізденісі, талғамы, әдеби қырларын көрсете жазуы.
  3. Тақырып шара кезінде беріледі, сол кезде жазады, 10-15 минут.

Мүшәйраға «Серпін» ОО-ның жетекшісі Ш.А. Жетпісбай, «Қазақ тілі және мәдениеті» кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Ғ.М. Абилкасов, «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы, мәдениеттану ғылымдарының магистрі  Ж.А. Тусупбеков, айтыскер ақын Н.Ж. Рымбай, университетіміздің түлегі, мүшәйра, айтыстардың жеңімпазы айтыскер ақын Б.Оспанов, университетіміздің түлегі, «Үздік студент» атағының иегері, «Меңтайым» кітабының авторы, ақын Н.Құрманбай қатысты. Қонақтарымыз жас ақындарға ақыл-кеңестерін айтып, шығармашылық табыс тіледі. Мүшәйраға қатысқан жас ақындарға университет ректоры, техника ғылымдарының кандидаты М.К. Ибатовтың атынан Алғыс хат беріледі.

Без рубрики