Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ғылымды дамытудың басым бағыттары:
- Табиғи ресурстарды, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін ұтымды пайдалану, экология;
- Геология, минералды және көмірсутек шикізатын өндіру және қайта өңдеу, жаңа материалдар, технология, қауіпсіз бұйымдар мен конструкциялар;
- Энергетика және машина жасау;
- Жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулер;
- Өмір және денсаулық туралы ғылым;
- Ақпараттық, коммуникациялық және ғарыштық технологиялар;
- Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту және ауыл шаруашылығы өнімінің қауіпсіздігі;
- Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер;
- Білім және ғылым саласындағы зерттеулер;
- Конкурстық құжаттамаға сәйкес Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс және мамандандырылған ғылыми бағыттар бойынша 2022-2024 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға арналған конкурс өткізетіні жөнінде хабарлайды.
Өтінімдерді қабылдаудың басталуы – 2021 жылғы 15 қарашадан 2021 жылғы 15 желтоқсанға (қоса алғанда) дейін.
Қосымша ақпарат: dn-kstu@mail.ru, бас корпус, 226 кабинет, тел. 56-68-22, ішкі 22-26