ҚарТУ-де «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының қатысуымен — «Ақпараттық қауіпсіздік» жаңа зертханасы ашылды


Қазір бүкіл әлемде адами капиталды дамытудағы шешуші тренд цифрлық орта: желілік өзара әрекеттесу, виртуалды кеңістіктегі ақпарат алмасу, жобалық, синергетикалық тәсілдер және жүйелік талдау саласындағы дағдылар және құзыреттіліктермен байланысты.

Көрсетілген құзыреттерге ие мамандарды озық даярлау мақсатында Қарағанды техникалық университетінің базасында 2021 жылғы 4 қарашада «Ақпараттық қауіпсіздік» зертханасы құрылды. Бұл «АрселорМиттал Теміртау» жүйе құрушы компаниясы мен ҚарТУ басшылығының жемісті ынтымақтастығының нәтижесі болып табылатын Қазақстандағы осындай деңгейдегі алғашқы жоба.

«Ақпараттық қауіпсіздік» зертханасы болашақ мамандарда ақпаратты қорғау және қорғалған компьютерлік желілерді жобалау саласында практикалық дағдыларды қалыптастыруға арналған. Ол заманауи есептеуіш және мамандандырылған техникамен, сондай-ақ лицензияланған бағдарламалық қамтамасыз етумен қамтамасыз етілген 12 автоматтандырылған оқу орындарымен жабдықталған. Бұл кез келген күрделі нысандарда ақпаратты қорғау жүйелерін ұйымдастыру және ақпараттық қауіпсіздік аудиті бойынша зертханалық және практикалық жұмыстардың толық қайталымын іске асыруға мүмкіндік береді. Компьютерлік желілерде ақпаратты қорғау жүйелерін құру кезінде CISCO компаниясының бағдарламалық-аппараттық кешендері, сондай-ақ ақпараттық тәуекелдерді талдау және басқару жүйесі пайдаланылады. Сондай-ақ, жаңа зертханада студенттер халықаралық стандарттар бойынша бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеудің заманауи процестерін игеріп, алған теориялық білімдерін бекітіп, университеттің ғылыми базасы мен «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының озық тәжірибесін пайдалана отырып, БҚ әзірлеудің практикалық дағдыларын игере алады.

Осы зертхана аясында студенттер компанияның жетекші мамандарының on-line дәрістерін тыңдайды. Болашақта «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы оқу бағдарламаларын өндірістің заманауи талаптарына бейімдеуге, әлемдік стандарттар деңгейінде ақпараттық қауіпсіздік саласындағы ғылыми зерттеулерді дамытуға қолдау көрсететін болады.

Бұл зертхана болашақта ІТ-индустрияға мамандар даярлау моделінің үлгісі болып табылады деп сеніммен айтуға болады. Бұл схема студенттерге университетті бітіргеннен кейін еңбек нарығында сұранысқа ие болатынына кепілдік алуға мүмкіндік береді.

Ақпараттық қауіпсіздік саласында оқу және ғылыми-зерттеу зертханаларын құру үшін жеке капиталды тарту «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік Бағдарламасының ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту және әлемдік деңгейдегі мамандарды даярлау жөніндегі басым міндеттерін табысты шешуге ықпал етеді.

Без рубрики