Қарағанды техникалық университетінің студенттері Н.Гоголь атындағы облыстық кітапханаға барды


«Парасат жолы» жобасы аясында 2021 жылғы 3 қарашада Қарағанды техникалық университетінің студенттері Н.Гоголь атындағы облыстық кітапханаға барды, онда «Жаным — арымның садағасы» тақырыбында айтыскер ақын, халықаралық және республикалық байқаулар мен фестивальдар лауреаты, ел ішінде «Сары тентек» атанған Қ.Мақсұтовпен кездесті.

Белгілі ақын жастармен өзінің өмірі, шығармашалық жолы жөнінде әңгіме құрып, оларды білімге ұмтылуға, шығармашылықтарын дамытуға және өмірдің әр саласында жетістіктерге қол жеткізуге шақырды.

Без рубрики