Теміртау қаласының «Космонавт» демалыс орнында 2021 жылғы 30-31 қазанында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Жас Орда» жастар қауымдастығы активінің күзгі мектебі өткізілді. Сонымен қатар, актив мектебінің аясында ҚарТУ «Саналы ұрпақ» жемқорлыққа қарсы клубының слеті ұйымдастырылды.
Іс шараның басты мақсаты – қоғамдағы маңызды да өзекті мәселелерді жастарға қызықты форматта талқылау.
Университеттің 70-тен аса белсенді студенттері әдептілік пен академиялық адалдық қағидаттарын қалыптастыру бойынша жобалар әзірлеуге, тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның жетістіктерін айқындайтын зияткерлік ойындар мен шығармашылық қойылымдарға қатысты.
Белсенділер спорттық жарыстарға, пікірталас алаңдарына және көшбасшылық, шешендік өнер мен командада жұмыс істеу дағдылары бойынша мастер-класстарға қатысты.
Іс шараның стандартты емес форматы студенттердің қабілеттерін ашуға, кері байланыс орнатуға және университет пен жалпы қоғамның алдағы дамуына қатысты түрлі ұсыныстарды талқылауға мүмкіндік берді. Қатысушылар Қарағанды техникалық университетінің жастарға арналған іс шаралар жоспарын жүзеге асыру үшін алған білімдері мен күш-жігерін жұмсауға дайын екендерін білдірді.
Іс шара нәтижелері бойынша жоғары орындар алған 3 команда анықталды және барлық қатысушыларға сертификаттар тапсырылды.