Жеке үлгідегі ҚарТУ диплом дизайнын әзірлеу бойынша конкурс туралы хабарландыру


Құрметті ҚарТУ қауымдастық мүшелері, Сіздерге жеке үлгідегі ҚарТУ дипломдарының дизайнын әзірлеу конкурсының басталғаны туралы  хабарлауға асығамыз. Бұл ең маңызды құжат – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу туралы дипломды әзірлеуге тікелей қатыса отырып,  біздің университетіміздің дамуына өзіңіздің жеке үлесіңізді қосуға болатын мүмкіндік!

Дипломдар дизайнын әзірлеу бойынша конкурсқа барлық ниет білдірушілер қатыса алады (студенттер, магистранттар, докторанттар, оқытушылар мен қызметкерлер).  Жұмыстар 2021 жылғы 27 қыркүйектен 10 қазанға дейін (Нұрсұлтан қ. уақыты бойынша 23:59) электрондық пошта мекенжайы бойынша PDF форматта қабылданады: konkurs@kstu.kz. Көрсетілген мерзімнен кейін жіберілген жұмыстар конкурсқа жіберілмейді. Құрамына студенттер, магистранттар, докторанттар, оқытушылар мен қызметкерлер кіретін комиссия мүшелерінің шешімі бойынша барлық өтінімдердің ішінен үш үздік диплом дизайны іріктеліп алынады, олар ҚарТУ Директорлар кеңесінің қарауына ұсынылатын болады.

Үздік жұмыстардың авторлары келесі көлемде ақшалай сыйлықтармен марапатталады: бірінші орын үшін 50 000 теңге, екінші орын үшін 40 000 теңге және үшінші орын үшін 30 000 теңге. Жеке үлгідегі дипломдардың дизайнына қойылатын талаптар туралы толығырақ мына жерден табуға болады.

Біз Сіздің осы маңызды жобаға белсенді қатысуыңызды күтеміз, мүмкін Сіз жеке үлгідегі ҚарТУ диплом дизайнының авторы боларсыз!  Егер сізде сұрақтар туындаса, бізге +77001525500 телефоны немесе email: konkurs@kstu.kz арқылы хабарласуды сұраймыз.

Без рубрики