ҚР Тілдер күніне арналған «Тіл – халық қазынасы» тілдер фестивалі


2021 жылдың 16 қыркүйегінде Қарағанды техникалық университетінің орыс тілі және мәдениеті кафедрасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ҚР Тілдер күніне арналған «Тіл – халық қазынасы» атты тәрбиелік іс-шара өткізеді.

Ұйымдастырушылар: Орыс тілі және мәдениеті кафедрасы меңгерушісі Б.Р. Оспанова, жауапты оқытушы А.В. Тен.

Қатысу түрі – бетпе-бет.

Іс-шараның мақсатты аудиториясы: 1-3 курс студенттері.

Қамтылуы: 100 адам.

Іс-шара мақсаты:

  • көптілді білім беруді жүзеге асыру;
  • халықтардың мәдени мұрасын зерттеу арқылы патриотизмге тәрбиелеу; Қазақстанның көпұлтты халқының тұтастығын сақтау;
  • өз халқының салт-дәстүрлеріне құрметпен және ұқыпты қарауға тәрбиелеу.

ҚР Тілдер күніне арналған «Тіл – халық қазынасы» атты тәрбиелік іс-шара мемлекеттік тілінде оқитын 1-3 курс студенттері арасында өтеді. Тілдер фестивалі ҚР үштілді білім беруді жүзеге асыру аясында өткізіледі және студенттердің кез-келген тілдік ортаға бейімделу дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, аталған іс-шара көпұлтты Қазақстанның мәдени мұрасын таныстыру және зерделеу арқылы тілдік, коммуникативтік, ақпараттық құзыреттілікті жетілдіру үшін жағдай жасауға арналған «Туған жер» арнайы жобасының тұжырымдамалық қағидатын сақтауға бағытталған.

  • Іс-шара үйлестірушісі: Тен А.В.
  • Байланыс телефоны: +7701-369-5940
  • Эл. пошта: acsanaten@mail.ru
Без рубрики