«Құрылыс материалдары және технологиялары» кафедрасы
Мамырбеков Аманхан Малдыбай — ұлы — т.ғ.к, доцент (1972-1979 жж.)
1964 жылы «Бетон және темір-бетон бұйымдары мен конструкцияларының өндірісі»мамандығы бойынша ҚПТИ бітірді. ҚМТжБ кафедрасының бірінші меңгерушісі және оның негізін қалаушы — Мәскеу инженерлік-құрылыс институтының түлегі доцент, т. ғ. к. Мамырбеков А. М. кафедраның дамуы мен қалыптасуына үлкен үлес қосқан. Оның басшылығымен Қарағанды облысының құрылыс индустриясы кәсіпорындары үшін ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді. |
|
Баттаков Ерлан Еркинович — Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқарушысы
1992 ж. ҚарПТИ «Құрылыс бұйымдары мен конструкцияларын өндіру»мамандығын бітірді. Ол Қарағанды политехникалық институтының Құрылыс материалдары және бұйымдары технологиясы кафедрасының стажер-зерттеушісі болды. 2019 жылдан Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқарушысы. |
|
Иманов Марат Омирбекович — Сәулет-құрылыс факультетінің деканы техника ғылымдарының кандидаты, ҚарМТУ академиялық профессоры
1994 жылы ҚарПТИ «Құрылыс бұйымдары мен конструкцияларын өндіру»мамандығын тәмәмдаған.Оқитын пәндері : «Жобалық графика», «Кәсіби компьютерлік бағдарламалар» (мемлекеттік тілде), «Аралас қабатты тұрғын үй» (мемлекеттік тілде) «Өнеркәсіптік ғимараттардың сәулеті». М. О. Иманов ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері төс белгісімен марапатталған. Әлеуметтік-экономикалық дамуға белсене қатысқаны үшін қала әкімінің алғыс хатымен марапатталған. Ол Қазақстан Республикасының Сәулетшілер Одағының мүшесі. |
|
Утенов Есен Сыданович — техника ғылымдарының докторы, профессор
1973ж. ҚарПТИ «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс»мамандығын тәмәмдаған. «Инженерлік ізденістер», «Аймақтық жағдайдағы құрылыс»бойынша пәндерден дәріс оқиды. Е. С. Өтенов Құрмет грамотасымен (1993 ж.), Алғыс хатпен (2006 ж.) марапатталған. ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» төсбелгісімен (2010 ж.), Академик Ш. М. Айталиев атындағы Халықаралық медалімен марапатталған (2011 ж.). Профессор Өтенов Е.С. Республикалық ғылыми қор грантының (1998 ж.), «ЖОО үздік оқытушысы-2010″мемлекеттік грантының иегері. Оның ғылыми жетекшілігімен 1 докторлық, 1 кандидаттық және 7 магистрлік диссертация қорғалды және бекітілді. 120-дан астам жарияланған ғылыми еңбектердің, соның ішінде 1 монография, 5 өнертабыс, 2 құрылыс нормасы, 6 оқу құралының авторы. |
|
Жакулин Адил Султанович — техника ғылымдарының докторы, профессор
1980 ж.ҚарПТИ «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс»мамандығынтәмәмдаған. «Сәулет», «Ғимараттар мен имараттарды жобалау» бойынша дәріс оқиды. 96 ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстары жарық көрген. 2 ғылым кандидатын шығарған. |
|
Шайкежан Аманкелды Шайкежанулы — ҚМжТ кафедрасының профессоры
1964 жылы ҚарПТИ «Өнеркәсіптік-азаматтық құрылыс»мамандығын бітірді. Оқитын пәндері (мемлекеттік және орыс тілдерінде): Жылутехника және жылутехникалық жабдықтар;Процестер мен аппараттар; Тұтқыр заттар; Құрылыс материалдарының химиясы; Бетон және керамикалық материалдар өндірісінде тұтқыр заттарды тиімді пайдалану; Шайкежан Ш. А. 10 кітаптың авторы, 170 астам басылым, 6 электрондық оқулықтар мен оқу құралдарын дайындады (мемлекеттік және орыс тілдерінде). |
|
Байджанов Джумагельды Омарович — техника ғылымдарының докторы, ҚМжТ кафедрасының профессоры
1976 жылы ҚарПТИ «Құрылыс бұйымдары мен конструкцияларын өндіру»мамандығын бітірді. «Бетон және керамикалық материалдар кәсіпорындарын жобалау», «Бетон және темірбетон бұйымдарын өндірудің заманауи технологиялары» бойынша дәріс оқиды. Д. О. Байджанов ҚР БҒМ Құрмет грамотасымен марапатталды – 2000, 2006, 2010 және 2018 жж. «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2005 және 2010 жж.» Мемлекеттік грантының иегері.Ол «Университет еңбектері» республикалық журналының редколлегия мүшесі, Қарағанды облысының инвестициялық жобаларын қарастыру бойынша Сараптау комиссиясының мүшесі, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының толық мүшесі (АКАДЕМИК). |
|
Нугужинов Жмагул Смагулович- техника ғылымдарының докторы, профессор
1978 жылы ҚарПТИ «Құрылыс»мамандығын тәмәмдаған. 90 ғылыми жұмыстың, 1 оқулықтың, 5 Мемлекеттік нормативтік-техникалық құжаттардың, 15 өнертабысқа патенттің авторы. «ҚР еңбек сіңірген ғылым қайраткері», «ҚР Құрметті құрылысшысы» белгісімен марапатталған. ҚазМИИР Директоры. |
|
Соловьев Владимир Иванович — Қазақстан сапа менеджменті академиясының президенті, техника ғылымдарының докторы, ҚР ҰИА академигі
КарПТИ ТББ мамандығын бітірді. ҚарМТУ Құрметті профессоры |
|
Рахимов Мурат Аманжолович — техника ғылымдарының кандидаты, ҚМжТ кафедрасының доценті
1992 жылы Қарағанды политехникалық институтының инженерлік-құрылыс факультетін «Инженер-құрылысшы-технолог» біліктілігін алған. 05.23.00 «Құрылыс» мамандығы бойынша 2008 жылдың маусым айында ҚР Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (ККСОН) доцент ғылыми атағын берген. Ғылыми қызмет саласы – модификацияланған бетон бұйымдарының технологиясы. Оқу-тәрбие, ғылыми-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарындағы жетістіктері үшін 2008 жылы Қарағанды қаласының Октябрь ауданы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды. |