Қарағанды техникалық университетінің жас ғалымдарға арналған грантына ғылыми жобалар конкурсы жарияланды!


Құрметті әріптестер, 2021 жылдың 01 сәуірінде Қарағанды техникалық университеті Университеттің жас ғалымдары арасында ғылыми жобаларды іріктеу бойынша конкурс жариялаған болатын, аталған байқауда жеткілікті үміткерлер жиналмағандықтан 2021 жылдың тамыз айының 27-інен бастап қайталап өткізетінін хабарлаймыз.

Байқауға жасы 35 жастан аспаған, ғылыми мәселелерді шешу бойынша зерттеулерге белсенді қатысатын және Қазақстан Республикасының азаматтары (резиденттері) болып табылатын ҚарТУ-дың штаттық оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері қатыса алады.

2021 жылы бөлінетін гранттар саны – 3.

Бір грантты қаржыландыру көлемі — 500 000 (бес жүз мың) теңге.

Өтінімдер 2021 жылдың 27 қыркүйегіне дейін электронды және қағаз түрінде ҒжИД-та қабылданады (230-кабинет, бас корпус)

Байқауды ұйымдастырушы 2021 жылдың 29 қыркүйегінде байқау комиссиясының алдында қатысушылардың жобаларын тыңдау рәсімін жүргізеді. Өтініш формасы мен жобаны бағалау критерийлері Ережеде көрсетілген.

 

Алдағы конкурстық іріктеу туралы толық ақпаратты ҒжИД-тан алуға болады, тел. 56-51-87, e-mail: science@kstu.kz

Байқау туралы ереже.

 

 

Без рубрики