Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Конкурстық құжаттамаға сәйкес ғылымды дамытудың басым бағыттары:

  • Су ресурстарын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін ұтымды пайдалану, экология;
  • — Жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулер;
  • — Өмір және денсаулық туралы ғылым;
  • — Ақпараттық, коммуникациялық және ғарыштық технологиялар;
  • — Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер;
  • — Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс және мамандырылған ғылыми бағыттар бойынша 2022 жылға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық бағдарламаларды бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға (БНҚ) конкурс өткізетіні жөнінде хабарлайды.

Конкурстық құжаттама ҚР БҒМ сайтында: (https://www.gov.kz/memleket/entities/edu) және Ғылым комитеті сайтында: https://www.gov.kz/memleket/entities/sc/documents/details/204246?lang=kk орналастырылған.

Конкурстық құжаттама және өтінімді рәсімдеу жөнінде түсіндіру жұмысын жүзеге асыруға жауапты тұлға – Азамбаев Серік, тел. 8 (7172) 74-20-29 қаржылық сұрақтар бойынша – Калдекенова Замзагуль Далабаевна, тел. 8 (7172) 74-27-64, заңға қатысты сұрақтар бойынша – Можанова Альбина, тел. 8 (7172) 74-24-67. Call center – 1450. Жұмыс уақыты: дс — жм, сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс: сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін.

Өтінімдерді тіркеу және ЖТН (жеке тіркеу нөмірі) алу үшін «ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесімен (is.ncste.kz) жұмыс істеу бойынша Call center: 8-727-355-50-01 (ішкі нөмір 210, 216, 217, 218, 219, 221, 224, 226, 227, 228, 229, 231, 232, 233, 234, 235, 236). Жұмыс уақыты:  дс – жм, сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс: сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін.

Бағдарлама жетекшісі және өтінім берушінің электрондық цифрлық қолымен расталған конкурстық өтінімдер БҒМ Ғылым комитетіне электронды түрде «ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесі сілтемесі: https://is.ncste.kz арқылы беріледі. Өтінімдерді қабылдаудың басталуы – 2021 жылғы 23 тамыз.

Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі — 2021 жылғы 6 қазан (қоса алғанда).

  • Қосымша ақпарат алу үшін: dn-kstu@mail.ru,
  • бас корпус, 226 кабинет,
  • тел. 56-68-22, ішкі 22-26
Без рубрики