Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 2021-2022 оқу жылының күзгі семестрінде Европа және Қытай университеттерінде оқу үшін конкурс басталғаны туралы хабарлаймыз. Ағылшын тілін B2 деңгейінде не одан жоғары білу, ағымдағы академиялық көрсеткіш GPA – 3.0 және одан жоғары, мамандықтың барынша сәйкестігі міндетті.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар келесі сайтта 2021 жылғы 16 тамызға дейін қабылданады: https://egov.kz/cms/ru (Білім – жоғары білім – Қызметтер – академиялық ұтқырлық шеңберінде шетелде оқу конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау)
Барлық сұрақтарды Халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық орталығына (бас ғимарат, 241 кабинетке) келіп қоя аласыздар.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:
- Қазақстан Республикасы азаматының паспортының көшірмесі
- жоғары оқу орнының мөрімен куәландырылған ағымдағы оқұ үлгерімі
- IELTS сертификаты, сертификат болмаған жағдайда ағылшын тілі деңгейі тексеріледі.
- өтініш берушінің ата-анасының, қамқоршыларының, заңды өкілдерінің, егер ол Қазақстан Республикасынан кету кезінде 18 жасқа толмаған болса, оның шетелге шығуға жазбаша келісімі.
- отбасы құрамы жөнінде құжат (студенттің көп балалы отбасынан екенин растайтын)
- оқушының ата-анасының жоқтығын растайтын құжат (жетім балалар немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттер санатына)
- студенттің мүгедектігін растайтын құжат.
- ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген нысан бойынша Медициналық анықтама (шетелге шығатындар үшін) ;