2021 жылдың 23 маусым күні Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайында Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, сондай-ақ Ресейдің 20-дан астам суретшілері өз туындыларын ұсынып қатысатын Алматы қаласының «Яблоневая Палитра» қоғамдастығының суретшілерімен бірге ұйымдастырылып отырған «Қайда-қайда, ҚАРАҒАНДЫДА!» республикалық көрмесі ашылды


Көрмеде пейзаж, натюрморт, сюжетті композициялар, портрет, киіз кескіндеме, графика, литография және тағы басқа бейнелеу өнерінің көптеген түрлері мен жанрларын көрсететін шығармашылық туындылар экспозицияланды. Көрме символы – алматылық суретшілердің Қарағанды қаласының көрнекті жерлерімен байланысты естеліктер, ішкі көзқарастары, олардың алған әсерлерінің бейнесі.

Кәзіргі сандық технологияның дамыған кезеніңде бейнелеу  өнерінің  даму жағдайы мен бейнелеу өнерінің жаңа талантты жастарымен таныстыру мақсатында Қарағанды техникалық университетінің «Жоғары математика» кафедрасының аға оқытушысы Тулеутаева Жанар Мұқатайқызы мен Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражай қызметкерлерімен бірлесе отырып, Қарағанды техникалық университетінің 1-курс студенттерін осы облыстық бейнелеу өнері мұражайында өткен «Қайда-қайда, ҚАРАҒАНДЫДА!» республикалық көрмесін тамашалауды ұйымдастырды.  Студенттерге көрмеге қойылған ғажап шығармашылық туындылары ұнады. Туындыларға қарап қазақ бейнелеу өнері тың ізденіспен, еуропалық жаңа сипаттағы ағымдардың әдіснамасын меңгергендіктері аңық байқалады. Көрменің негізгі шығармашылық туындылары – ол қаланың  көрнекті жерлерімен байланысты естеліктер және үлкен мағыналы ескерткіштердің суретін бейнелеу.

Қарағанды циркі қаламыздың ең танымал ғимараттарының бірі. Ғимараттың төбесінде «Шар үстіндегі қыз бала» атты мүсін орналасқан. Бұл мүсін әйгілі суретші Пикассоның туындысының желісін негізге ала отырып орындалған. Пикассо «Шар үстіндегі қыз бала» шығармашылық туындыны жазар алдында француз цирк әртісімен жолдас болады. Жолдасының жаңа қойылымдар дайындығына барып жүрген кезіңде, осы әйгілі туынды 1905 жылы дүниеге келеді. Бір ғасырдан астам тарихы бар әйгілі туынды біздің қаламызда мүсін ретінде орындалған және қаламыздың әйгілі ғимаратында орнатылған. Осы туындының бейнесін қылқаламмен орындаған және көремеге ұсынып отырған біздің қаламыздың талантты суретшісі  Алексей Шапошев. Көрменің ұсынған шығармашылық туындыларының ішінен студенттерге ерекше әсер қалдырған, осы көрменің атауы болып табылатын, кәзіргі таңда әлеуметтік желілерде қанатты сөзге айналған  «Қайда-қайда, ҚАРАҒАНДЫДА!» атты қаламызда орналасқан мүсінге сүйене отырып орындалған сурет. Студенттерге мүсіннің тарихы баяндалды. Сөз тіркесі әр түрлі орыс тілді әдеби шығармаларда кең таралған. Бұл сөз тіркесі «Дюна» тобының орындауындағы «Қарағанды» әнінде кездеседі. 2011 жылы 28 мамырда Қарағандыда осы әйгілі сөз тіркесіне арналған ескерткіш ашылды.

Ескерткіш қаладағы мейрамханалардың бірінің ауласында орнатылды. Бұл әлемдегі алғашқы сөз тіркесіне арналған ескерткішке Гиннестің рекордтар кітабының сертификаты ұсынылған. Студенттерге мұражай көрмесінен алған танымдық ақпарат көңілдерінен шықты. Дөңгелек столға қатысушылар  көрмені ұйымдастырып отырған мұражай қызметкерлеріне және өз шығармашылық туындыларын ұсынған бейнелеу өнерінің майталмандарына  алғыс білдірді.

 

 

Без рубрики