«Құлыншақ» балалар үйіндегі қайырымдылық акциясы


2021 жылдың 16 маусым айында  Қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының оқытушылары Қ.С. Қалыбекова., К.К. Нуржанова., ОП-20-1с  кураторы Қ.М. Хамзина., Лог-18-1 кураторы    Г.Қ. Сағатова., ТТ-20-1 кураторы    Л.М. Кулейменова., ОП-20-1 кураторы М.Т. Оспангалиевалар Жалпы халықтық «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Құлыншақ» балалар үйіне кураторлық топ студенттерімен «Жан жылуы» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Кураторлардың топ студенттерімен балалар үйлеріне баруы дәстүрге айналды.

Игі істер мен ниеттердің арқасында студенттерде патриотизм, мейірімділік, жетімдерге жаңашырлық сезімі және мұқтаж адамдарға қайырымдылық жасауға деген ықылас пайда болады. Біз жыл сайын өз сапарымызбен балаларымызды қуантамыз. Биыл балалар үйінің түлектерімен тағы бір мәрте кездесіп, қуаныш сыйладық.

«Құлыншақ» балалар үйінің басшысы Буркеева Светлана Маратовна қайырымдылық шарасын ұйымдастырушыларға өзінің алғысын білдірді.

Қамқорлық жасау қайырымды қоғамның қағидасы деп білеміз. Бірігіп көтерген жүк жеңіл!

 

 

Без рубрики