2021 жылғы 27 сәуір күні «Кеніштік аэрология және еңбек қорғау» кафедрасында «Адам үшін ең алтын қазына – еңбек ете білу, еңбекті қорғай білу» тақырыбында ҚарТУ-дың тәрбие жұмыстары бойынша проректорының м.а. Құттыбай М.Ж., ҚарТУ кәсіподақ ұйымының төрайымы Алпысбаева Н.А., тау-кен факультетінің деканы Жолдыбаева Г.С., Қарағанды облыстық еңбек инспекциясы басқармасының бөлім бастығы Шаяхметов М.Ж., «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС өндірістік қауіпсіздік және еңбекті қорғау бөлімінің бас маманы Мұсаханова М.С., «Maker (Мэйкер)» ЖШС еңбек қоғау және экология бөлімінің инженері Әміркенова Ф.Ж., ҚарТУ-дың еңбек қоғау және қауіпсіздік бөлімінің инженері Мадалиев М.Б., және КАжЕҚ кафера оқытушылары мен студенттерінің қатысуымен дөңгелек стол өткізілді.
Дөңгелек столға қатысқан қонақтардың барлығы да өз сөздерінде бүгінгі мейрам – Дүниежүзілік еңбек қорғау күнінің маңыздылығы мен өзектілігіне тоқталып, тек еңбек қауіпсіздігінің талаптары қатаң орындалғанының нәтижесінде ғана өндірістегі жұмыс орындарындағы жұмыскерлердің денсаулығы мен қауіпсіздігі қамтамасыз етілетінін атап өтті.