Кеңеске ҚД АҚ «Арселор Миталл Темиртау» ҚТТБ бастығы – В.В. Салфетников; ҚарТУ КЕ АҚ атқарушы директоры – А.З. Исагулов; ҚарТУ КЕ АҚ ғылыми жұмыстар жөніндегі проректордың м. а. – С.Г. Ожигин; ӨК кафедрасының меңгерушісі – Б.Ш. Асқаров; ӨК кафедрасының доценті – О.Т. Балабаев; ӨК кафедрасының доцентінің м.а. – А.В. Рожков; ӨК кафедрасының аға оқытушысы – С.Ж. Косбармаков қатысты. Кездесу барысында Корпоративтік университет туралы келісім аясындағы ынтымақтастық туралы келесі мәселелер талқыланды:
1) 6В11301«Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» білім беру бағдарламасын өзектендіру (Компоненті және элективті пәндер тізімі және Модульдік білім беру бағдарламасы);
2) студенттер мен магистранттардың практикаларын өткізу туралы;
3) түлектерді жұмысқа орналастыру;
4) «Арселор Миталл Темиртау» АҚ ҚТТБ ҚД қызметкерлеріне арналған кәсіптік бағдар беру жұмыстары;
5) кәсіпорын қызметкерлерімен бірлесіп авторлықта мақалалар мен тезистерді дайындау және жариялау;
6) «Локомотивті басқару режимін (өнеркәсіптік кәсіпорындарда) оңтайландыру жүйесін зерттеу және әзірлеу» тақырыбына шаруашылық шарттық жұмыстың орындалуын талқылау.