14-16 сәуірінде Халықаралық білім беру корпорациясы базасында «Сәулет және құрылыс» бағыты «Қала құрылысы, құрылыс жұмыстары және азаматтық құрылыс» тобы бойынша Республикалық пәндік олимпиада өтті


2021 жылдың 14-16 сәуірінде Халықаралық білім беру корпорациясы (ҚазБСҚА) базасында «Сәулет және құрылыс» бағыты «Қала құрылысы, құрылыс жұмыстары және азаматтық құрылыс» тобы бойынша Республикалық пәндік олимпиада өтті.

Олимпиада жеңімпаздары Қарағанды техникалық университетінің ҚМжТ кафедрасының студенттері болды:

«Геотехника» пәні бойынша

1. С-18-2 тобының студенті Цхай Татьяна А. — I дәрежелі диплом (ғылыми жетекшісі Курохтина И.А.)

2. С-18-2 тобының студенті Кусаинова Дамира — III дәрежелі диплом (ғылыми жетекшісі Жаутикова С.А.)

3. С-18-1 тобының студенті Батырбаева Н. — III дәрежелі диплом (ғылыми жетекші Утенов Е.С.)

 

«Құрылыс материалдары» пәні бойынша

1. ПСК-18-2 тобының студенті Тажентаева Э. — III дәрежелі диплом (ғылыми жетекші Дивак Л.А.)

Жеңімпаздарымызды құттықтай отырып, оларға жаңа жетістіктер тілейміз!

 

 

Без рубрики