2020 жылдың 12 қазанында «Zoom» платформасында БЖД-17-1 тобында кураторлық сағатында «Саналы адам» атты дөңгелек үстел өткен болатын


Дөңгелек үстелдің мақсаты: өскелең ұрпаққа болашаққа бағдар беретін, білімді, саналы, еліне адал қызмет ететін, патриоттық сезімі жоғары студенттер тәрбиелеу.

Дөңгелек үстелдің тәрбиелік мәні: патриоттық тәрбие беру, танымдық  белсенділікті арттырып, студенттердің өз пікірлерін  тұжырымдап айтуға, еркін сөйлеуге, өзіне сенімді болуға шақыру.

Қонақ ретінде Қарағанды обылысының тарихи-мәдени мұраны сақтау орталығының бас маманы, тарихшы Адилбаев Ардақ қатысқан болатын.

Адамдардың даму сатысына тоқталу, сонымен бірге, бүгінгі қоғамда болып жатқан рухани және материалдық құндылықтардың пайда болуы адамзаттың санасының жемісі болып табылады.  Алғашқы қауымдық құрылыс кезіндегі адам өмірінен бастап, осы күнгі адам мәдениетінің, өмірінің қалыптасуын баяндау, ежелгі адамдар мен қазіргі кездегі адамдардың айырмашылығын түсіндірілген болатын.

 

 

 

 

Без рубрики