«Ә. Ермеков — ұлы математик, профессор, оқытушы, қоғам қайраткері» атты пікірсайыс


«Шет тілдер» кафедрасы 2021 жылдың 19 сәуірінде сағат 15.00-де Microsoft Teams арқылы тәрбиелік іс-шара өткізеді:

Ә.  Ермековтің 130 жылдығына арналған

«Ә. Ермеков — ұлы математик, профессор, оқытушы, қоғам қайраткері» атты пікірсайыс

 

Іс-шараға ҚарТУ-дың 80-нен астам бірінші курс студенттері, сондай-ақ «Шет тілдер» кафедрасының оқытушылар құрамы қатысады.

Мақсаты: мемлекеттік және шет тілдерін оқуға деген қызығушылықты ояту, халықтың мәдени мұрасын зерттеу арқылы патриотизмді қалыптастыру, студенттердің шығармашылық қабілеттерін анықтау және дамыту.

Тау-кен ісі, сәулет-құрылыс, машина жасау және ақпараттық технологиялар факультеттерінің 1 курс студенттері өздерінің дайындаған бейнероликтері мен призентацияларында «Алаш» партиясының мүшесі, қоғам қайраткері — Әлімхан Әбеуұлы Ермековтің қиын математикалық өмір жолы, шығармашылығы, қызықты фактілері туралы әңгімелейтін болады. Сонымен қатар, студенттер арасында пікірсайыс өткізіледі.

Қазақ халқының тарихында із қалдырған ұлы ағартушы Әлімхан Әбеуұлы Ермеков — Алаш қозғалысы және оның даңқты көсемдері тарихында қазақ халқының ғасырлар бойғы тәуелсіздік жолындағы күресінің жарқын беттерінің бірі ғана емес, сонымен қатар көптеген жылдар бойы ғылыми-педагогикалық шығармашылық қызметпен жемісті айналысқан адамның үлгісі. Математика профессоры Әлімхан Ермеков ғылыми математикалық терминологияны дамытумен және қазақ тілінде математикадан оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарды құрумен шұғылданды. Әлімхан Әбеуұлы мұғалімнің жоғары кәсіби шеберлігімен, адалдығымен және ұйымдастырушылық талантымен ерекшеленді. Репрессия жылдарына қарамастан, Әлімхан Әбеуұлы ақылдылықты, даналықты, адами сүйкімділікті, тектілік пен мейірімділікті, педагогикалық шеберлігі мен ғалым талантын, отансүйгіштік пен белсенді азаматтық ұстанымын сақтай білді. Оның бүкіл өмірі мен жұмыстары біз үшін, динамикалық әлемдегі жеке позицияны анықтауда айқын және лайықты үлгі болып табылады. Өйткені, Қазақстанды модернизациялау мен шын мәнінде бәсекеге қабілетті, дамыған демократиялық мемлекет құру жетістіктері әр азаматқа, оның өмірлік ұстанымы мен қоғамға деген көзқарасына байланысты болады.

Іс-шараға жауаптылар «Шет тілдер» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., доцент Джантасова Дамира Дулатқызы, кафедраның тәрбие жұмысына жауапты оқытушысы Изотова Айгерим Сериковна, кафедра оқытушылары Ярема Татьяна Владимировна, Токумбаева Алия Айтпаевна, Магауина Гүлбақыт Мұратқызы.

Барлықтарынызды іс-шараға қатысуға шақырамыз!

Microsoft Teams командасымен қосылу коды yvnug4z

 

 

Без рубрики