Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап кітапханасында Алтын Орданың 750 жылдығына арналған «тарихпен кездесу» атты іс-шара өтті. Осы тарихи, мәдени-интеллектуалдық композицияға ҚарМТУ инновациялық технологиялар колледжінің студенттері қатысты. Қазақ халқының өмірімен бірге болған ұлттық тұрмыстық атрибуттар мен әскери экспонаттар пайдаланылған бұл қойылымның декорациялары қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды.