Құрметті студенттер және магистранттар!


Сіздерге студенттер және магистранттар үшін академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 2021-2022 оқу жылының күзгі семестріне Томск мемлекеттік сәулет және құрылыс университетінде (Ресей)  және Томск политехникалық университетінде (Ресей) оқуға құжаттарды қабылдау басталғаны туралы хабарлаймыз.

Оқу тегін. Академиялық ұтқырлықпен байланысты басқа барлық шығындар студенттердің өз есебінен төленеді (көлік шығындары, сақтандыру, жатақханада тұру).

Өтініш беру үшін 16.04.2021ж дейін № 241 кабинетіне (бас корпус) келулеріңізді сұраймыз.

Кандидаттарға қойылатын талаптар:

  • ағымдағы үлгерім GPA – 3.0 және одан жоғары;
  • орыс тілін білу;
  • мамандықтың барынша сәйкестігі.

 

Мамандықтардың тізімін төменде табуға болады:

https://moeobrazovanie.ru/tgasu/?specs

https://abiturient.tpu.ru/bachelor

Қажетті құжаттар тізімі:

  1. ұсыныс хаттар (кафедра меңгерушісі, кафедра доценті);
  2. оқу жұмыс жоспары;
  3. жеке куәліктің көшірмесі;
  4. тезтікпе;
  5. 3*4 сурет – 3 дана;
  6. дипломның көшірмесі;
  7. файлдар – 3 дана
  8. студенттің/магистранттың үлгі бойынша толтырылған өтініші.

 

 

Без рубрики