2021 жылдың 1 сәуірінде Қарағанды ​​техникалық университетінде Геолог күніне арналған дөңгелек үстел өтті


2021 жылдың 1 сәуірінде сағат 15.00-де ГПКҚОБ кафедрасы Геолог күніне арналған дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелге Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің «Орталыққазжерқойнауы» өңіраралық департаменті  басшысы Маукулов Нурлан Оразбекович және оның орынбасары Жүнісов Асылхан Жұмажанұлы, МШБ жағдайын зерттеу бөлімінің басшысы Кенжебаева Гульнара Болатқызы, ҚарТУ, ГПКҚОБ  кафедрасының түлегі, PhD докторы Мақат Дастан Қайратұлы, ГПКҚОБ кафедрасының профессоры, т. ғ. д. Портнов Василий Сергеевич, сондай-ақ тау-кен факультетінің  оқытушылары және студенттері.

Дөңгелек үстел қонақтары мен қатысушылары өз сөздерінде, әсіресе 2030 жылға дейінгі геологиялық саланы дамыту тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде мұндай іс-шаралардың өзектілігін атап өтті. Бұл бағдарламаны жүзеге асыруға Орталық Қазақстанның геологтары үлкен үлес қосуда. ҚарТУ геологиялық ұйымдар үшін білікті кадрларды даярлауға лайықты үлес қосуда.

Дөңгелек үстелдің мақсаты — студенттерді геологиялық кәсіпорындармен, геологиялық сала қызметкерлерімен таныстыру болып табылады.

Қарағанды ​​облысында, геология саласында жаңа нәрселерді біліп, білімдері мен тәжірибелерін жас ұрпаққа беретін көптеген тамаша мамандар бар. Жаңа жұмыс түрлері, жаңа зерттеу әдістері пайда болуда. Геологтар әрдайым жолда. Олар геологиялық зерттеулердің жаңа түрлерін игереді, карталарда геологиялық шекараларды белгілейді және пайдалы қазбалар кен орындарын көбірек картаға түсіреді. Болашақ осы іздеулерде туады!

 

 

Без рубрики