Құрметті студенттер!
Пекин технологиялық институтында бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқуға China Government Scholarship 2021 стипендиялық бағдарламасына өтінімдер қабылдау ашылғанын хабарлаймыз
Стипендия оқу, медициналық сақтаңдыру және жатақхананың шығындарын өтейді.
Стипендия мөлшері:
- бакалавриат – 2500 юань (400$)
- магистратура – 3000 юань (485$)
- докторантура – 3500 юань (565$)
Кім өтініш бере алады?
- Шәкіртақыға үміткер Қытай азаматы болмауы керек;
- Кандидаттардың денсаулығы жақсы болуы керек;
- BIT магистратурасында оқуға үміткерлер бакалавр дәрежесіне ие болуы керек және жасы 35-тен кіші болуы керек;
- BIT докторантурасына үміткерлер магистр дәрежесіне ие болуы керек және жасы 40-тан кіші болуы керек.
Өтінім беру рәсімімен және өтінім беру үшін қажетті құжаттармен сілтеме бойынша өтіп таныса аласыз: https://isc.bit.edu.cn/admissionsaid/financialaid/scholarships/b112920.htm
Өтініш беру мерзімі: 2020 жылғы 15 қазан – 2021 жылғы 15 сәуір.
Онлайн-өтінім беруге арналған сілтеме: http://apply.isc.bit.edu.cn/
Пекин технологиялық институты және оқу бағдарламалары туралы ақпаратты мына сілтемеден қарай аласыздар: https://isc.bit.edu.cn/sylbt/b187647.htm