Политех Павел Жензаковқа арманын жүзеге асыруға көмектеседі


Темір жолдағы апат салдарынан тұл жетім Павел Жензаков екі аяғынан айырылды. Қарағанды техникалық университетінің ұжымы бұл туралы БАҚ-тағы жарияланымдардан білген сәтте Павелге қажетті көмек көрсету туралы шешім қабылдады. Кәсіподақ комитетінің төрағасы Н.А. Алпысбаева және «Жас Орда» ЖОО студенттік ұйымдары Жастар қауымдастығының жетекшісі Ілияс Смағұлов бастаған университет делегациясы осы мәселе бойынша Павелмен кездесіп, оған демеушілік көмек көрсетіп, азық-түлік алып берді. ҚарТУ-дың «Ақниет» жастар қайырымдылық ұйымы қазіргі уақытта Павел үшін заманауи протездер сатып алуға қайырымдылық қаражат жинау бойынша акция өткізуде.

ҚрТУ Басқарма Төрағасы – Ректор Марат Кеңесұлы Ибатов Павелмен сөйлесіп, оны көктемгі Наурыз мейрамымен құттықтады, оң өзгерістер тілей отырып болашаққа деген жоспарларын сұрады. Павел ізгі тілектері үшін алғысын білдіріп, ЖОО-ға түсуді, IT-технологиялар саласында білім мен кәсіби дағдылар алуды жоспарлап отырғанын айтты. Марат Кеңесұлы Павелдің одан арғы өмір жолына таңдауын мақұлдап, Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдаудың қолданыстағы Үлгілік қағидаларына сәйкес оған ҰБТ-дан өту және белгіленген ең төменгі өту балын жинау қажет болатынына назар аударды. Бұл мәселеде Павелге нақты көмек ұсынылды: ҚарТУ оқытушылары мен Президенттік стипендиаттары тесттерді сәтті тапсыруға дайындалу үшін ҰБТ пәндері бойынша онымен кеңес өткізетін болады. Егер белгіленген ең төменгі өту балын жинаған кездің өзінде Павел конкурс нәтижелері бойынша мемлекеттік білім грантын ала алмаса, университет Павелге ҚарТУ ректорының грантын өзі таңдаған білім беру бағдарламасы бойынша беруге дайын.

Павел Жензаковтың сапалы білім алып, бәсекеге қабілетті және сұранысқа ие маман болуы үшін Университет барлық күш-жігерін жұмсайды.

Қарағанды техникалық университетінде студенттік жастармен тәрбие жұмысының, олардың белсенді қоғамдық пайдалы жұмысқа тартудың басымдықтарының бірі ауыр науқас балаларға, соғыс және еңбек ардагерлеріне, көп балалы аналар мен жетімдерге қайырымдылық және әлеуметтік көмек көрсету болып табылады. ҚарТУ-дың еріктілері жыл сайын «Мектепке жол», «Аяз атаның сыйы» акцияларын өткізеді, көшелер мен аулаларды тазартады, балалар алаңдарын абаттандырады, мұқтаж жандарға азық-түлік пен бірінші қажеттіліктегі өнімдерді жеткізеді, қарттар мен балалар үйлеріне қамқорлық көрсетеді.

ҚарТУ-да ондаған жетімдер оқиды және әлеуметтік көмек алады, олар ЖОО-ны бітіргеннен кейін дипломдалған мамандарға айналып, өндірісте табысты жұмыс істейді.

 

 

Без рубрики