Қарағанды техникалық университетінің сан мыңдаған студенттер ұжымын, оқытушылары мен қызметкерлерін келе жатқан тамаша мереке – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!


 

Наурыз – көктемгі жаңару мерекесі, оның дәстүрлерінің тамыры тереңде жатыр. Көктемгі күн мен түннің теңесу күні жаңа жылдың, жаңа өмірдің және жаңа үміттердің басталуын білдіреді. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында тойланғалы отырған биылғы жылы Наурыз мейрамын мерекелеу бәріміз үшін ерекше маңызды. Бұл күндері біздің отандастарымыздың ұлтына, тіліне және дініне қарамастан, бірігіп жақсылыққа ұмтылып және бір-біріне өркендеуді тілейтіні өте маңызды. Бұл Қазақстан халқының әрқашанда бейбітшілік пен жасампаздықтың ұлы рухани, адамгершілік құндылықтарына айнымас берілген және бұдан әрі де солай болып қала беретіндігінің айқын дәлелі болып табылады.

Пандемияға байланысты біз Наурыз мейрамын кең халықтық серуенсіз және жаппай салтанатты іс-шаралар ұйымдастырмай атап өтсек те, көктемнің келуін және жалпыға ортақ мерекелік көңіл-күйді ештеңе жоя алмайды. Алдымызда тұрған барлық сын-қатерлерді бірге лайықты еңсеретінімізге сенімдімін.

Наурыз мейрамы қарсаңында баршаңызға денсаулық, бақыт, амандық және еңбекте табыс тілеймін!

Жанданып келе жатқан табиғаттың әр күні, әр күн сәулесі сіздердің үйлеріңізге бақыт пен амандық әкеліп, жаңа шыңдарды бағындыруға күш пен қуат берсін!

 

ҚарТУ КЕ АҚ Басқарма Төрағасы — Ректоры, 

Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығының иегері, техника ғылымдарының докторы, профессор

М.К. Ибатов

 

 

Без рубрики