Көп жылғы жемісті еңбегі үшін, Қарағанды техникалық университетінің дамуына қосқан зор үлесі үшін «ҚарТУ-дың еңбек сіңірген қызметкері» құрметті атағына ие болғандар


Дәстүрлі түрде 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай Қарағанды техникалық университетінде өзінің кәсіби қызметінде тамаша жетістіктерге жеткен ЖОО-ның түрлі бөлімшелерінің үздік өкілдері — біздің әріптестерімізді марапаттау рәсімі өтуде 

      4 наурызда Бас ғимараттың конференц-залында Қарағанды техникалық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби ҚР Ғылым және техника саласындағы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Марат Кеңесұлы Ибатов «ҚарТУ-дың еңбек сіңірген қызметкері» құрметті атағына ие болған факультеттердің, кафедралардың, басқа да құрылымдық бөлімшелердің үздік өкілдерін құттықтап, Басқарма Төрағасы – ҚарТУ ректорының, Қарағанды облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы төрағасының алғыс хаттары марапаттады.

Көп жылғы жемісті еңбегі үшін, Қарағанды техникалық университетінің дамуына қосқан зор үлесі үшін «ҚарТУ-дың еңбек сіңірген қызметкері» құрметті атағына ие болғандар:

  1. Томилова Надежда Ивановна — техника ғылымдарының кандидаты, «Ақпараттық-есептеу жүйелері» кафедрасының доценті. ҚарТУ-дағы жұмыс өтілі — 43 жыл. 150-ден астам ғылыми еңбектің, 10 монографияның, бір оқулықтың, 11 зияткерлік меншік куәлігінің авторы. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің, облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы комитетінің және Басқарма Төрағасы – Ректордың алғыс хаттарымен марапатталған.
  2. Мұстафина Ләззат Мұхамеджанқызы — физика-математика ғылымдарының кандидаты, «Жоғары математика» кафедрасының доценті. ҚарТУ-дағы жұмыс өтілі — 41 жыл. 50-ден астам ғылыми жұмыстар мен әдістемелік әзірлемелердің, өнертабысқа патенттің, екі электрондық оқулықтың авторы.
  3. Жарылқасынова Ария Қарғұлқызы – «Кәсіпорын экономикасы және менеджменті» кафедрасының аға оқытушысы, рухани-адамгершілік тәрбие Кеңесінің мүшесі, инженерлік экономика және менеджмент факультетінің кәсіподақ ұйымдастырушысы. ҚарТУ-дағы жұмыс өтілі — 45 жыл. Экономикалық пәндер бойынша 35-тен астам ғылыми мақалалар мен әдістемелік әзірлемелердің авторы. Білім және ғылым қызметкерлерінің облыстық кәсіподақ комитетінің және Басқарма Төрағасы – Ректордың алғыс хаттарымен марапатталған.

Ерекше жетістіктері, кәсібилігі мен мақсаткерлігі үшін ҚарТу-дың Басқарма Төрағасы — Ректордың алғыс хаттарымен марапатталғандар:

  1. Квон Светлана Сергеевна – т.ғ.к., НТМ кафедрасының профессоры, әл-Фараби атындағы ҚР Ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
  2. Ожигина Светлана Борисовна — т.ғ.к., «МШКИ» ИБСЗ аға ғылыми қызметкері.
  3. Шаметова Әйгерім Аманбайқызы — э.ғ.к., КЭжМ кафедрасының аға оқытушы.
  4. Телбаева Шынар Зарықбекқызы — ӨҮА кафедрасының аға оқытушысы.
  5. Кукешева Әлия Бақибайқызы — МІжГ кафедрасының ассистенті.
  6. Тутанова Меруерт Серікбайқызы — МІиГ кафедрасының ассистенті.
  7. Ағыбаева Сәулегүл Жоламанқызы — патриоттық тәрбие беру ҒЗИ басшысы.
  8. Габайдулина Татьяна Иосифовна — СҚКО басшысы.
  9. Өмірбекова Гүлжазира Шәмшібекқызы — инновациялық технологиялар колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
  10. Герберт Виктория Викторовна — ЦУДД әдіскері.
  11. Мұқанова Анар Айдарқызы — ИТФ деканатының хатшысы.
  12. Мұхамеджанова Назира Керімқызы – СҚФ деканатының хатшысы.
  13. Алексеенко Татьяна Дмитриевна – материалдық бөлімнің бухгалтері.
  14. Сәттібаева Гүльнәр Сәбиқызы – абаттандыру қызметінің басшысы.
  15. Байбосынова Эльмира Бергенқызы – №4 оқу корпусының еден жуушысы.

Білікті кадрларды даярлау және университеттің кәсіподақ ұйымын дамыту жөніндегі Көп жылғы және жемісті қызметі үшін Қарағанды облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрағасының Алғыс хатымен марапатталғандар:

  1. Нұрғалиева Әсел Даниялқызы – т.ғ.к., КАжЕҚ кафедрасының доценті.
  2. Алдошина Оксана Владимировна – БЖТ кафедрасының аға оқытушысы.
  3. Имашева Күлжан Имашқызы– ТЖМжС кафедрасының аға оқытушысы.
  4. Жорабек Айгүл Асқарқызы –ХжХТ кафедрасының аға оқытушысы.

5 наурызда Teams платформасында онлайн режимде Қарағанды техникалық университетінің Басқарма Төрағасы — Ректоры Марат Кеңесұлы Ибатов бүкіл ұжымды мерекемен тағы да құттықтап, бақыт, амандық, бейбітшілік пен жақсылық тіледі!

Соңында университеттің талантты студенттерінің орындауында концерттік бағдарлама ұсынылды.

 

 

Без рубрики