Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі  — ҚР БҒМ) Конкурстық құжаттамаға сәйкес ғылымды дамытудың басым бағыттары:


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі  — ҚР БҒМ) Конкурстық құжаттамаға сәйкес ғылымды дамытудың басым бағыттары:

  • Су ресурстарын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін ұтымды пайдалану, экология;
  • Геология, минералды және көмірсутек шикізатын өндіру және қайта өңдеу, жаңа материалдар, технологиялар, қауіпсіз бұйымдар мен конструкциялар;
  • Жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулер;
  • Өмір және денсаулық туралы ғылым;
  • Энергетика және машина жасау;
  • Ақпараттық, коммуникациялық және ғарыштық технологиялар;
  • Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер;
  • Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс және мамандырылған ғылыми бағыттар бойынша 2021-2023 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға конкурс өткізетіні жөнінде хабарлайды.

Жауапты тұлғалар:

  • конкурстық құжаттама және өтінімді рәсімдеу жөнінде түсіндіру жұмысын жүзеге асыру бойынша Койшыгулова Лаура, тел. 8 (7172) 74-24-68,
  • қаржылық сұрақтар бойынша – Калдекенова Замзагуль Далабаевна, тел. 8 (7172) 74-27-64,
  • заңға қатысты сұрақтар бойынша – Можанова Альбина, тел. 8 (7172) 74-24-67.

Бағдарлама жетекшісі және өтінім берушінің электрондық цифрлық қолымен расталған конкурстық өтінімдер БҒМ Ғылым комитетіне электрондық түрде «ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесі https://is.ncste.kz сілтеме арқылы беріледі.

Өтінімдерді қабылдаудың басталуы – 2021 жылғы 4 наурыз.

Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі — 2021 жылғы 17 сәуір (қоса алғанда).

Қосымша ақпарат үшін: dn-kstu@mail.ru бас ғимарат, 226 каб.,

56-68-22.

Без рубрики