Бухарест политехникалық университетінің стипендиялық бағдарламасы


2021-2022 оқу жылында UPB шетел тілдері инженериясы факультетінің аясында ағылшын тіліндегі бакалавриат бағдарламалары үшін қазақстандық студенттерге 4 стипендия ұсынады.

Бухарест политехникалық университеті Румынияның жетекші зерттеу және білім беру университеттерінің бірі болып табылады.

Мамандықтар — машина жасау; химиялық машина жасау; қолданбалы электроника; компьютерлер, ақпараттық технологиялар және т.б

Сонымен бірге, конкурстық іріктеуден өткен қазақстандық студенттер үшін UPB жеңілдіктер ұсынады — бүкіл оқу кезеңі ішінде университеттік алымдарды төлеуден босату және университет жатақханаларында тұрғаны үшін 10% жеңілдік.

Бұдан басқа, UPB әлеуетті талапкерлерді ағымдағы жылдың 1-5 наурызында өтетін білім беру бағдарламаларының онлайн-таныстырылымына қатысуға шақырады (https://international.upb.ro/news-and-events/view/event/en-a-peek-into-the-upb-study-programs).

Бухарест политехникалық университетінде оқуға қызығушылық білдірген студенттер болған жағдайда, Қазақстан Республикасының Бухарест қаласындағы Елшілігіне хабарласуыңызды сұраймыз (consul.bucharest@mfa.kz)

 

 

Без рубрики