Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми білім беру қоры 27 000 теңгеден тұратын 17 студентік шәкіртақы байқауын жариялайды


Академик Ш.Есенов атындағы шәкіртақы 2021

Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми білім беру қоры 27 000 теңгеден тұратын 17 студентік шәкіртақы байқауын жариялайды.

Бағдарлама қатысушылары: қазақстандық университеттерде бакалавриаттың 2-3 курстарында немесе магистратураның 1 курсында және интернатураның 1 курсында жаратылыстану, техникалық, медициналық және IT мамандықтары бойынша оқитын студенттер, 18 жастан асқан Қазақстан азаматтары.

Гранттар саны: 17

Ш. Есенов атындағы шәкіртақы Байқауына қатысу үшін:

  1. Қордың yessenovfoundation.org сайтында онлайн — өтінімді толтыруы тиіс
  2. Өтінімге қоса беруі тиіс: 

Міндетті құжаттар:

  1. Жеке куәліктің сканы;
  2. «Мен Қазақстан ғылымы үшін не істедім және не істеймін? Сіз үшін не маңызды және неге?» (өтініш тек жазбаша түрде берілуі керек);
  3. Студенттің Транскрипті (GPA орташа балы 3,0-ден төмен емес), 3,0-ден төмен баллы бар өтінімдер қарастырылмайды;
  4. Магистратура студенттері (бакалавр, маман) үшін жоғары білім туралы дипломның көшірмесі. 

Қосымша құжаттар:

  1. Ғылыми сертификаттар/дипломдар – 2 сертификаттан артық емес *;
  2. Әлеуметтік белсенділік және еріктілік сертификаттары – 3 сертификаттан артық емес *;
  3. Жарияланым-2 жарияланымнан артық емес.

* Қор сертификаттардың шектеулі санын қарайды. Үміткер өзінің жетістіктерін жақсы көрсететін сертификаттарды өз бетінше таңдауы керек; 

Өтінімдер Қордың сайтында 2021 ж. 25 қаңтарынан 26 ақпан аралығында қабылданады.

Өтінімдерді қабылдау 2021 жылғы 26 ақпанда Нұр-сұлтан қ. уақыты бойынша 15:00-де аяқталады (GMT+6). Қабылдау мерзімінен кейін түскен өтінімдер қаралмайды.

Бағдарлама туралы Ереже

 

 

Без рубрики