Венгрияда оқу бойынша құжат қабылдау басталды


 

ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Венгрияның Адами ресурстар министрлігі арасындағы  2013 жылғы 19 қарашадағы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде Венгрия үкіметі Қазақстан Республикасының азаматтарына 2021–2022 оқу жылы «Stipendium Hungaricum» стипендиялық бағдарламасына қатысу мүмкіндігін ұсынады

Осы бағдарлама шеңберінде Венгрия тарапы Қазақстан Республикасы азаматтарына келесі бағдарламалар бойынша 250 білім грантын ұсынып отыр:

– бакалавриат бағдарламасы бойынша – 110 орын;

– магистратура бағдарламасы бойынша – 90 орын;

– бакалавриат+магистратура бағдарламасы бойынша – 30 орын (оқу мерзімі 5-6 жыл).

– докторантура бағдарламасы бойынша – 20 орын (барлық бағыттар бойынша)*

 

Бакалавриат, магистратура және бакалавриат+магистратура бағдарламалары бойынша стипендиаттар бірінші оқу жылы қабылдаушы университет ұсынған «Венгр тілі шет тілі ретінде» курсын өтуге және екінші семестрдің соңында емтихан тапсыруға міндетті (венгр тілінде оқитын стипендиаттарды қоспағанда). Курсқа қатыспайтын стипендия иегерлері ай сайынғы стипендияны ала алмайды.

*Докторантура бағдарламасына үміткерлердің қабылдаушы университеттен ғылыми жетекшілері болуы керек. Онлайн-тіркелу кезінде қабылдаушы университеттен ғылыми жетекші/супервайзер қол қойған қабылдуды растайтын құжатты тіркеу қажет.

 

Гранттар мынадай шығындарды өтейді:

–  тегін оқу;

– бакалавриат және магистратура бағдарламалары үшін ай сайынғы стипендия – HUF 43.700; докторантура – HUF 140.000 (бірінші 4 семестр) және HUF 180.000 (екінші 4 семестр);

– жатақханада тұру (немесе айына HUF 40 000 шамасында жалдамалы пәтердің ақысы);

– медициналық сақтандыру.

Қалған шығындарды грант иегері өз қаражатынан өтейді.

2003 жылғы 31 тамыздан кейін туылған үміткерлерден өтініш қабылданбайды («Хореография» (Dance Study) мамандығынан басқа).

 

Құжаттардың толық пакетін қабылдау мерзімі 2020 жылдың 20 желтоқсанынан 2021 жылдың 29 қаңтарына дейін:

– «Электрондық үкімет» порталы (Egov.kz)

– «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ сайтында кезекті брондау қолма-қол http://bolashak.gov.kz/

 

Қазақстан тарапынан үміткерлерді іріктеу келесі турлардан тұрады:

– Үміткерлердің Тәуелсіз сараптамалық комиссия мүшелерімен онлайн режимде дербес сұхбаты;

– Үміткерлердің материалдарын қарау және Қорытынды комиссияның шешім шығаруы.

 

Үміткерлердің балдары тең болған жағдайда жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларғабала жасынан мүгедек және мүгедек балаларғакөп балалы отбасынан шыққан балаларға; шетелдік ЖОО шақыртуы бар үміткерлерге басымдық беріледі. 

«Хореография» (Dance Study) мамандығына түсетіндерден басқа, 2003 жылғы 31 тамыздан кейін туылған үміткерлерден өтінімдер қабылданбайды. 

Аталған гранттар туралы ақпарат https://stipendiumhungaricum.hu/uploads/2020/11/BA_MA_OTM_Call_for_Applications_2021_2022.pdf вебсайтында ораналасқан.  

2020 жылғы 15 қаңтарға дейін  https://apply.stipendiumhungaricum.hu/ венгр сайтында онлайн-тіркеу жүргізіледі.

2020 жылғы 25 ақпаннан бастап мамыр аралығындағы кезеңде түпкілікті іріктеуді қабылдаушы тарап жүргізеді.

Төмендегі сілтемеге өтіп, ережелермен мұқият танысуыңызды сұраймыз: http://adilet.zan.kz/rus/docs/V080005499_

 

Құжаттарды тапсыру бойынша нұсқаулық

Қазақстан Республикасы азаматының сауалнамасы

 

 

Без рубрики