Global UGRAD 2021-2022 бағдарламасына өтінімдер қабылдау басталды


Қазақстандағы Америка Құрама Штаттарының Елшілігі 2021-2022 жылға арналған Global UGRAD бағдарламасына құжаттарды қабылдау кезеңі 2021 жылдың 4 қаңтарынан бастап ашылатындығын қуана хабарлайды. Global UGRAD бағдарламасы студенттерге АҚШ-тың колледж немесе университетінде 1 академиялық семестр ішінде оқуға, АҚШ-та мәдени және білім тәжірибесін алуға және біліміңіз бен дағдыларыңызды кеңейтіп, америкалық мәдениет пен құндылықтар туралы көбірек білуге мүмкіндік береді.

 

Global UGRAD бағдарламасына тапсыру үшін 2021 жылдың 4 қаңтарынан бастап, осы сілтеме https://webportalapp.com/sp/login/n9bqhdalu1 арқылы тіркеліп, онлайн сауалнаманы толтырыңыз. Құжаттарды тапсырудың соңғы күні – 2021 жылдың 28 ақпаны.

 

Global UGRAD –Қазақстанның жоғары оқу орындарында күндізгі бөлімінде оқитын және АҚШ-та бағдарламаның аяқталуынан кейін, қатысушының Қазақстанның жоғары оқу орындарында диплом алғанға дейін кемінде бір семестрін оқып, жалғастыратын студенттерге арналған АҚШ Мемлекеттік департаменті Білім және мәдениет бағдарламалар бюросының халықаралық студенттік алмасу бағдарламасы. Бағдарлама барлық қазақстандық жоғары оқу орындарында 1-3 курстағы және кез-келген мамандық бойынша оқитын студенттерге ашық. Бағдарламаға қатысушылар байқау негізінде анықталады.

 

Global UGRAD бағдарламасы АҚШ университетінде бір академиялық семестрді толықтай оқу үшін стипендиямен қамтамасыз етеді. Бағдарламаның қатысушысы АҚШ-та аккредиттелген төртжылдық жоғарғы оқу орнында оқып, студенттік жатақханаға орналасады. Қажеттілік туындағанда, финалистер қарқынды ағылшын тілі курсынан өте алады. (Бағдарлама финалистерінің 25% ғана осындай мүмкіндік беріледі). 2021 жылдың күзінде ағылшын тілінің даярлық курсы өтеді. Осы ағылшын тілінің даярлық курсын оқитын студенттер, негізгі оқуын 2022 жылдың көктемінде бастайды. Сонымен қатар, бағдарлама барысында қатысушылар қоғамдық жұмысқа белсене араласып, кәсіби семинарлар мен шараларға қатыса алады.

 

Бағдарлама толығымен Америка Құрама Штаттарымен қаржыландырылып, төмендегідей шығындарды қамтамасыз етеді:

  • Туған қаладан қабылдаушы америкалық университет бағыты бойынша халықаралық билет;
  • АҚШ-та оқу және тұру;
  • Медициналық сақтандыру;
  • Тегін оқу – айлық стипендия;
  • Оқу барысында қатысушылар күнделікті тамақ (күніне үш мезгіл тамақтана алады);
  • Қазақстанда АҚШ-қа сапарға дайындық кездесуіне қатысу;
  • АҚШ-қа келгеннен кейін онлайн кездесу;
  • Вашингтон, Колумбия округіндегі бағдарлама түлектеріне арналған семинарға қатысу.

 

Global UGRAD бағдарламысына іріктеу барысында үміткерлердің жеке және қоғамдық жетістіктері ескеріліп, ашық байқау негізінде өтеді. Осы байқауға келесі талаптарға сай студенттер өтінім тапсыра алады: 

  • Қазақстан Республикасының азаматтығы бар және қазіргі таңда Қазақстан Республикасынның жоғарғы оқу орнында оқитын және Қазақстанда тұратын студенттер;
  • Global UGRAD бағдарламысының аяқталуынан және Қазақстанға оралғаннан кейін, қазақстандық университетінде кемінде бір семестрі қалатын және күндізгі оқу негізінде оқитын қазақстандық студенттер;
  • Global UGRAD бағдарламысының үміткерлері өздерінің көшбасшылық потенциалын, білім жетістіктерімен қатар қоғамдық саладағы белсенділігін көрсету керек;
  • Сұхбаттан сәтті өткен жағдайда, үміткерлер TOEFL iBT ағылшын тілі тестін тапсыруға жолдама алады. Келесі кезеңге өту үшін үміткерлер кемінде 120 балдан 45 балл алу керек;
  • АҚШ-та оның алдында оқымаған, АҚШ-та және шетелде болмаған үміткерлерге артықшылық беріледі;
  • АҚШ-та оқуы аяқталғаннан кейін, 2022 жылдың қаңтары немесе мамыр айында Қазақстанға міндетті түрде оралуға келісім береді;
  • Бағдарламаның басталу кезеңіне қарай қатысушы 18 жасқа толу керек.

 

Global UGRAD бағдарламысына келесі талаптар негізінде құжаттар қабылданбайды:

  • АҚШ азаматтарынан және АҚШ-та тұрғылықты тұрғын мәртебесі бар азаматтарынан;
  • Қазақстан Республикасынан тыс мемлекеттерде оқитын студенттерден және басқа мемлекеттерде оқитын, жұмыс атқаратын студенттерден;
  • Жергілікті АҚШ Елшілігінің, Бас Консулдығының, USAID қызметкерлерінен;
  • АҚШ Мемлекеттік департаменті және USAID ұйымының қызметкерлерінің жақын туысқандары мен отбасы мүшелерінен;
  • World Learning ұйымының қызметкерлері мен жақын туысқандары; отбасы мүшелерінен.

TOEFL ТЕСТІЛЕУІ

Тек екінші кезеңге өткен қатысушылар ресми ағылшын тілі TOEFL тестілеуін тапсырады..Тестілеу шығындары толығымен Қазақстандағы АҚШ Елшілігімен қамтамасыз етіледі.

Студенттің міндеттері

  • Үміткерлер ұмтылысы жоғары, көшбасшылық қасиеттерімен қатар академиялық жетістіктерін, қоғамдық саладағы белсенділігін, оқудан тыс шараларға белсене қатысатындығын көрсету керек.
  • Қатысушы студент академиялық дәрежеге ие болмағанмен, оқу барысында алатын бағаларын және транскриптерін өз қазақстандық университетіне көрсетіп, әрі қарай оқуын жалғастыру үшін, толығымен жауапты.
  • Студент АҚШ-та қоғамдық жұмысқа кемінде 20 сағат қатысуы керек. Сонымен қатар, финалистер кемінде үш кредитқа толатын Американистика бағыты бойынша бір курсты таңдау керек. Мысалы: АҚШ-тың тарихы, көркем әдебиеті, өнері немесе америка үкіметі жайлы курс)
  • Америкалық университеттің академиялық талаптарын орындамайтын студенттер (уақытылы үй тапсырмаларын орындамайтын, нашар орындалған тапсырмаларды тапсырса, сабақты босататын студенттер) Global UGRAD бағдарламасының стипендиясынан айырылып, Қазақстанға қайтарылады. Қатысушылар оқуларын жақсы деңгейде үлгеріп, кемінде 2,0 GPA мен аяқтау керек.

 

БАЙҚАУ ҚҰЖАТТАРЫ:

  1. Толығымен толтырылған онлайн сауалнама;
  2. Мотивациялық және көрсетілген тақырыптар бойынша шығармалар. (Онлайн сауалнамада шығарма тақырыптары көрсетілген);
  3. Төл-құжаттың немесе паспорттың көшірмесі;
  4. Ағылшын тіліне аударылған университеттегі оқу көрсеткішін көрсететін академиялық транскрипті (өзі аударған транскрипті үміткер тапсыра алады);
  5. Ағылшын тіліндегі екі кепілдеме хаты.

Құжаттарды тапсырудың соңғы мерзімі 

Мерзімнен кеш немесе толық емес сауалнамалар қарастырылмайды. Сауалнамалар онлайн түрде 2021 жылдың 28 ақпанына дейін тапсырылуы тиіс. Бірінші кезеңнен сәтті өткен үміткерлер 2021 жылдың мамыр айында хабарлама алады.

 

БАЙҚАУ ШАРАЛАРЫ

Барлық қатысушылар байқау негізінде іріктелінеді. Қабылдау комиссиялары талаптарға сай өтінімдерді қарастырады. Жартылай финалистер сұхбатқа шақырылады.

Бағдарламаға қатысты соңғы шешімді Вашингтон, Колумбия округіндегі АҚШ Мемлекеттік департаменті Білім және мәдениет бағдарламалар бюросы қабылдайды.

Global UGRAD бағдарламасы басталмай тұрып, барлық жеңімпаздар медициналық сараптамадан өтіп, тиісті егу кітапшасын көрсету керек.

 

 

Без рубрики