2020 жылдың 25 желтоқсанында Қарағанды техникалық университетінде екі мәрте Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Социалистік Еңбек Ері, ҚР ҰҒА академигі, техника ғылымдарының докторы, профессор Ә.С. Сағыновтың 105 жылдығына арналған «Ұлылық пен қарапайымдылықтың үйлесімі» атты онлайн аймақтық дөңгелек үстел өткізілді.
Абылқас Сағынұлы Сағынов Қарағанды политехникалық институтын 33 жыл басқарды және еліміздің көрнекті ғалымдарының бірі. Кеңес Одағындағы 870-тен астам ректордың екеуіне Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Солардың бірі — біздің Әбеке. Әбілқас Сағынұлын білгендердің барлығы Орталық Қазақстандағы жоғары техникалық білім беруді ұйымдастырушы, Қарағанды көмір бассейнінің, Қарағанды қаласының қалыптасуы мен дамуына қатысушы, жоғары білікті инженерлік кадрларды даярлау ісіне баға жетпес үлес қосқан көптеген оқушылардың тәрбиешісі мен тәлімгері ретінде сіңірген еңбегіне құрмет көрсете отырып, оны ілтипатпен еске алады.
Қарағанды политехникалық институты (қазіргі Қарағанды техникалық университеті) Ә.С. Сағынов басшылық еткен уақытта бүкіл Қазақстан үшін инженерлік кадрлардың нағыз ұстаханасына айналды. Қазір біздің республикамызда ғана емес, ТМД елдерінде және алыс шетелдерде жұмыс істейтін сан мыңдаған инженерлер шығарылды.
Дөңгелек үстел жұмысына Ә.С. Сағыновтың әріптестері: Ә.С. Сағыновтың есімімен аталған Қарағанды техникалық университетінің «Пайдалы қазбалар кен орындарын игеру» кафедрасының ғалым — кеншілері — Дрижд Н. А., Мемлекеттік сыйлықтардың екі мәрте лауреаты, техника ғылымдарының докторы, ПҚКБ кафедрасының профессоры, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы; профессорлар Исабек Т. К., Арыстан И. Д., Демин В. Ф., көмір өнеркәсібінің ардагерлері – Баймухаметов С. К., Презент Г. М., Стефлюк Ю. М., ҒЗИ басшылары – Әлімбаев А. А., экономика ғылымдарының докторы, профессор, Өңірлік даму институтының директоры; Әдекенов С.М., «Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингі» АҚ Басқарма Төрағасы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ҚР ҰҒА Академигі, Химия ғылымдарының докторы, профессор және Хасен Б. П., Жер қойнауын кешенді игеру мәселелері институтының директоры; Әбілқас Сағынұлының немересі – Асқар Сағынов; ҚарТУ оқытушылары, докторанттар, магистранттар мен студенттер қатысты.