Теміртау мұражайы-21.11.2020


2020 жылы 21 қараша күні «Серпін» ОО-ның ұйымдастыруымен Қарағанды техникалық университетінде «Серпін-2050» әлеуметтік бағдарламасы аясында оқуға түскен 1-курс студенттерін «Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығы» мұражайымен онлайн форматта таныстыру өткізілді.  Оған Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығының қызметкері, экскурсия жетекшісі, өз саласы бойынша облыстық, республикалық байқаулардың жеңімпазы Қуаныш Тыныбекұлы қатысып, мұражай туралы мағлұмат берді. Қуаныш Тыныбекұлы ұсынған видео арқылы студенттер мұражайдағы экспонаттармен танысты.

 

Без рубрики