Факультет: ИТФ
Кафедра: АЕЖ
Мамандық: АЖ
Курс: ИС-17-1
Күні: 27.11.2020 ж. Уақыты: 10:00
Куратор: Кисина М.К.
Өткізу формасы – «Microsoft Teams» бағдарламасы арқылы
- Куаторлық сағат тақырыбы: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Салауатты отбасы – салауатты ұлт».
- Кураторлық сағат мақсаты: Елбасы Тұңғыш Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының аясында, отбасы құндылықтарын, отбасылық тәрбиенің маңыздылығын насихаттау. Отбасындағы жалпы мәселелерді талқылау, бақытты отбасы моделін дайындау, сондай-ақ салауатты отбасы, салауатты ұлт, тәлім мен тәрбие бұлар бір-бірінен ажыратуға болмайтын ұғымдар мен ұстанымдар екендігін жастарға ашып көрсету.
- Кураторлық сағат міндеттері:
Білімділік:
- студенттердің отбасы туралы білімдерін кеңейтуге ықпал ету, қызығушылықтарын арттыру;
Дамытушы:
- студенттердің ойлау қабілеттерін, тіл байлығын, өз беттерінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
- студенттерде топтық ойындық қабілеттерді қалыптастыру.
Тәрбиелік:
- шығармашылық қабілеттерін дамытуға, білім беру ақпаратымен жұмыс істеуге дағдыландыруға, патриоттық сезімін, жас отбасылар үшін және олардың отбасы құндылықтарын терең ұғынулары үшін тәрбиелеу;
- топта достық қатынас, команда болып жұмыс істеуді қалыптастыру.
4. Қолданылатын жабдықтар мен дидактикалық құралдардың сипаттамасы: Куратор сағатының шеберлік сағатының толық жоспары, кураторлық сағатының презентациясы, бейнематериалдар, компьютер, (вебкамера) бар. Кураторлық сағаттың тақырыбы барынша қамтылған, ақпарат слайдтар түрінде ұсынылған.
- Кураторлық сағатта тәрбие жұмысын ұйымдастыру:
Куратор сағатының құрылымының сипаттамасы: Кураторлық сағаттың тақырыбын, мақсаты мен міндеттерін хабарлау (5 мин);
- Топтық командаларды таныстыру:
Олар: «Тірек», «Құндылық» және «Болашақ» топтары. Командалар құрамы өткен кураторлық сабақта тағайындалған.
1 кезең. Өткен кураторлық сабақта Отбасында кездесетін мәселелерді зерттеп презентация дайындап келу және шешу жолдарын қарастыру берілді:
— «Отбасындағы зорлық мәселесі» тақырыбы бойынша «Тірек» тобы дайындаған презентациясы ұсынылды (7 минут);
«Қазіргі отбасының экономикалық мәселелері» тақырыбы бойынша «Құндылық» тобы дайындаған презентациясы (8 минут).
- «Болашақ» тобы дайындаған «Отбасы және ішімдік» туралы презентациясы және тақырыпқа сай әлеуметтік видео көрініс ұсынылды (11 минут). Осы видео көрініс бойынша студенттерге сұрақтар қойылып пікірлері тыңдалды.
Осы видео көрініс бойынша студенттерге сұрақтар қойылып пікірлері тыңдалды.
Кураторлық шеберлік сағатының қонағы ретінде Қазақ ұлттық өнер Университетінің түлегі, дәстүрлі әнші Төлеу Аслан Аманкелдіұлының орындауында Нұрғиса Тілендиевтің «Әке туралы жыр» әнің әсерлі орындап берді.
2-кезең. «Білімдіге дүние жарық» деп аталады. Мұнда топтың шапшаңдылығын, біліктілігін аңғарылды. Әртүрлі викториналық ойындар арқылы бір-біріне танымдық сайыс жүргізілді.
— «Тірек» тобы дайындаған «Викторина» ойыны.Ойын ережесі: Сан жазулы шеңберді айналдырып, түскен сан бойынша қазақтың ұлы тұлғаларының отбасыға қатысты қанатты нақыл сөздерін оқып, авторын табу.
- «Құндылық» тобы дайындаған «Жүйрік болсаң, шауып көр» ойыны.
Ойын ережесі: Берілген сөз тіркес тауып, мақал – мәтел құрастыру
- «Болашақ» тобы дайындаған «Білгенге маржан» ойыны
Ойын ережесі: Өлең шумақтары бойынша Ақынды тап.
Командалардың сұрақ-жауап түріндегі ой жарысы (15 минут).
3 кезең: «Болашағымыз білімді жастардың қолында» деп аталып, әр қоманда өздерінің «Бақытты отбасы» моделін құрып оған түсініктер берілді.
- «Салауатты отбасы-салауатты ұлт» тақырыбы бойынша қорытындылау.
Отбасы бұл — тәрбиенің бастауы. Әр үйде балалар санасына ұлттық құндылықтарға деген көзқарастарды, салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды, даналық сөздерді, салауатты бақытты отбасын құратында, тәрбиенің жоғарғы үлгілерін сіңіретін де отбасы. Сондықтан жоғарыда атап өткен мәселелердің бәрі ұлт тәрбиесіне тіреліп тұр. Ендеше, салауатты отбасынан жалғасын табатын құндылықтар негіздерін ұмыт қалдырмай, жаңғыра түсейік және рухани болмысымызды жоғалтпайық деген ұранмен аяқталды.
Кураторлық сағаттың уақыт бойынша құрылымы сақталған. Кураторлық сағаттың ақпараттық мазмұны жарияланатын тақырыпқа сәйкес келеді. Кураторлық сағат тақырыбы толық ашылды, материал көлемі бойынша дұрыс таңдалған, басты ой бөлінген, баяндамашыларда баяндау логикасы ұтымды болды.