ҚарМТУ студенті «Замандас-20» конкурсында жеңіске жетті


Борамбаев Аян Серікұлы – ТМО-18-3 тобының студенті, Қарағанды техникалық университетінің «Жас Орда» жастар қауымдастығы еріктілер штабының жетекшісі, Қарағанды қаласының дамуына үлес қосқаны үшін жыл сайынғы «Замандас – 2020» байқауында «Жүректің бір бөлшегін бөліс» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.

Қаламыздағы «Замандас» байқауы 2010 жылдан бастап Қарағанды қаласының әкімдігі мен мәслихатының қолдауымен «Біз – қарағандылықтармыз» фестивалі аясында өткізіліп келеді.
Биыл байқаудың барлық номинациялары еріктілер жылына орайластырылды. Байқау жеңімпаздарын Қарағанды қаласының тұрғындары арнайы сайт арқылы ашық дауыс беру арқылы анықтады.

Борамбаев Аян қаладағы барлық еріктілердің іс-шараларына және жобаларына белсенді қатысады, азаматтардың әлеуметтік осал санаттарына қажетті көмек көрсетеді.
Лайықты марапатыңызбен құттықтаймыз! Сәттілік пен жаңа жетістіктер тілейміз!

Без рубрики