Макаев Талгат Саятұлы Докторлық диссертация қорғау туралы


Қарағанды техникалық университетінде 6D070900 – «Металлургия» мамандығы бойынша Макаев Талгат Саятұлы «Кушокы көмір кен орнының шикізатынан ферросиликоалюминийді балқыту технологиясын зерттеу және әзірлеу» тақырыбында PhD философия докторлық дәрежесін алу үшін докторлық диссертацияны қорғайды.

Жұмыс Қарағанды техникалық университетінің «Нанотехнология және металлургия» кафедрасында және «Кушокы карьерінен алынған жоғары күлді көмірдің үлгілерін, ферросилико алюминийдің әр түрлі маркалары мен ферросилико алюминий қорытпасымен өңделген болаттарды металлографиялық және петрографиялық зерттеу» келісімшарттық тақырып аясында Ж.Aбишeвa  атындағы Химия-металлургия институтында жүргізілді

Қорғау орыс тілінде өтеді.

Ғылыми кеңесшілер:

  1. Исағұлов Аристотель Зейноллаұлы – техника ғылымдарының докторы, профессор, Қарағанды техникалық университетінің атқарушы директоры;
  2. Чекимбаев Аскар Фарзантович – техника ғылымдарының кандидаты, Ж.Әбішев атындағы Химия-металлургия институтының жетекші;
  3. Бабенко Анатолий Алексеевич – техника ғылымдарының докторы, қара металлургия бөлімінің жетекшісі, ФГБУН «УрО РАН Металлургия институның» бас ғылыми маманы, Ресей, Екатеринбург қаласы.

Пікір берушілер:

  1. Намазбаев Тілеухан Серікпайұлы — техника ғылымдарының докторы, профессор, «Казчерметавтоматика» АҚ директоры (мамандығы 05.16.02 – Қара металлдар металлургиясы);
  2. Мусин Динислям Кариевич – техника ғылымдарының кандидаты, Қарағанды индустриялық университетінің «Металлургия және материалтану» кафедрасының профессоры (05.16.02 — Қара, түсті және сирек металдар металлургиясы мамандығы).

Онлайн қорғау болады: 2020 жылдың 28 желтоқсанда, сағат 10.00-де, 100027, Қарағанды қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 56, бас корпус, «ҚарТУ» ҰАҚ мекенжайы бойынша өтеді.

Сайттың мекен-жайы: http://www.kstu.kz/dissertatsionny-j-sovet/,
e-mail: talgat.makayev@gmail.com

 

Без рубрики