Тәжірибе алмасу бағдарламасы 2021 жыл


«Community Engagement Exchange» бағдарламасы әлемнің 100-ден астам елінде 20-27 жас аралығындағы азаматтық қоғам көшбасшыларына қоғам игілігі үшін, әсіресе азаматтық диалог пен бейбітшілікті нығайтуға, ашық және есеп беретін Үкіметке, әйелдер рөліне және гендерлік теңдікке, бейімделу мен тұрақты даму қабілетін арттыруға, сондай-ақ жастарды қоғам өміріне тартуға байланысты мәселелерде қоғамдастықтардың, өзара қатынастардың және ақпараттың күшін пайдалануға мүмкіндік беретін көшбасшылық қасиеттерді дамытатын түрлендіруші жылдық бағдарлама болып табылады.

«Community Engagement Exchange» бағдарламасын АҚШ үкіметінің қаражаты есебінен АҚШ Мемлекеттік департаменті қаржыландырады және бағдарламаны IREX ұйымы басқарады.

2021 жылға арналған «Community Engagement Exchange» бағдарламасына қатысуға өтінімдер 2020 жылғы 16 қараша, дүйсенбі мен жұма аралығында қабылданады. Бағдарламаға қатысу үшін сайтта өтінім беру қажет  https://cee.irex.org/  2020 жылғы 23 желтоқсан, сәрсенбіге дейін, Алматы уақыты бойынша сағат 23: 59-да.

Пошта, факс немесе электрондық пошта арқылы IREX-ке жіберілген өтінімдер қабылданбайды. Төмендегі шарттармен танысқаннан кейін сұрақтарыңызды электрондық поштаңызға жолдауыңызды өтінеміз: Apply.CEE@irex.org.

 

 

БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТТАРЫ:

  • Көшбасшылық рөлдерді көбірек қабылдауға мүмкіндік беру;
  • Азаматтық қоғамның әлеуетін құру;
  • Қатысушылардың бірлескен көшбасшылық қабілетін нығайту;
  • Азаматтық қоғамның жаһандық экологиялық жүйесін әзірлеу.

.

БАҒДАРЛАМА ҚАМТИДЫ

  • АҚШ-тағы Азаматтық қоғам ұйымдарының бірінде толық қаржыландырылған, үш айлық тәжірибе;
  • Қөшбасылық және қоғамдық өмірге араласу бойынша онлайн және күндізгі тренингтер ;
  • Қоғамдық жұмыстарға қатысуға үйрету;
  • Тәлімгерлік;
  • Стипендиаттардың даму мақсатындағы жобаларын қолдау.

 

ІРІКТЕУ ПРОЦЕСІ:

Үміткерлердің сіңірген еңбегі мен жетістіктері «Community Engagement Exchange»бағдарламасына қатысу үшін іріктеу кезінде ескерілетін болады.

Өтінімдерді беру мерзімі аяқталғаннан кейін, яғни 2020 жылғы 23 желтоқсаннан кейін іріктеу критерийлеріне сәйкес келетін барлық өтінімдерді іріктеу комиссиясы қарайды және бағалайды. Ең көп балл жинаған үміткерлер жартылай финалға шақырылып, әңгімелесуден өтеді. Сондай-ақ, жартылай финалистер ағылшын тілінен емтихан тапсыруы немесе TOEFL немесе IELTS сынақтарынан өз нәтижелерін беруі керек. Финалистер мен балама үміткерлер ағылшын тіліндегі сұхбат пен емтихан нәтижелерін қарастырғаннан кейін таңдалады.

 

Бағдарлама туралы толық ақпаратты веб-сайттан таба аласыз:

https://kz.usembassy.gov/ru/2021-community-engagement-exchange-program-ru/

 

 

Без рубрики