«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Туған жерім — қазақстан» атты әдеби-музыкалық кеш


2020 жылдың 19 қарашасы күні қарағанды техникалық университетінің

Кешенді  бағдарлама бойынша  «Туған жерім — қазақстан» атты әдеби-музыкалық кеш  онлайн ZOOM жүйесінде өтті.

2020 жылдың 19 қарашасында Қарағанды техникалық университетінің қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының меңгерушісі Қ.С. Қалыбекова және аға оқытушылары Г.Қ. Сағатова, К.К. Нуржанованың ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында «Туған жерім — Қазақстан» атты әдеби-музыкалық кеш өтті.

Мақсаты:  Туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру. Экологияны қорғай білуге, оны аялауға тәрбиелеу. Тәуелсіз қазақ елінің жетістіктерін насихаттау. Туған өлке, оның байлығы мен ерекшеліктері, алуан түрлі табиғаты туралы  жан-жақты түсінік беру.

Әдеби-музыкалық кешке ҚарТУ-дың  студенттері қатысты. Олар: ИС-20-3 тобының студенттері А. Совет, А. Кузбагаров,  АРХ-20-2 тобының студенттері:  А. Аманжолова, А. Алпыс (жетекшілері Сағатова Г.Қ.), Диз-20-3 тобының студенттері А. Каналбек, А. Иванова, М. Жанибекова, А. Қабдысалям, Д. Қожахметова, А. Иванова, Б. Қабдықайырова  (жетекшісі К.К. Нуржанова), ТЭ-20-2 тобының студенті Ауғанов Б. (жетекшісі                    Қ.М. Хамзина).

Елімнің атын айтсам – Қазақстан,

Жерімнің атын айтсам – Қазақстан.

Қойнауы қазынаға толған мекен,

Байлығымның атын айтсам – Қазақстан.

Қазақстан – республикам, мақтанышым,

Мен сені жырлаймын мақтан үшін.

Құдайым маған құйтай жүрек берген,

Лүпілдеп сені сүйіп, сақтау үшін. –

деп  студенттер «Отан», «Туған жер», «Атамекен», «Табиғат» тақырыптарындағы өлеңдерді жатқа оқыды.  «Менің елім», «Атамекен», «Көк тудың желбірегені»  патриоттық әндері орындалды.

Әдеби-музыкалық кешке қатысқан қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының доценті Қ.М. Хамзина, аға оқытушылары Ш.А. Жетпісбай, М.Т. Оспанғалиева, оқытушылары Л.М. Күлейменова студенттердің оқыған өлеңдерінен туған жеріне деген сүйіспешіліктерін байқауға болатынын сөзге тиек етті. Еліміздің болашағы сауатты да, білімді жастардың қолында екенін айтып пікірлерін білдірді.

 

2020 жылдың 19 қарашасы күні қарағанды техникалық университетінің Кешенді  бағдарлама бойынша  «Туған жерім — қазақстан» атты әдеби-музыкалық кеш  онлайн ZOOM жүйесінде өтті (pdf)

 

Без рубрики