Қарағанды техникалық университетінде PhD философия докторы дәрежесін алу үшін Тусупова Саягуль Ораловнаның 6D071200 – «Машинажасау» мамандығы бойынша «Термофрикциялық кесуші құралдардың тозуға төзімділігін, қатаңдығын және беріктігін қамтамасыз ету тәсілін зерттеу және жарату» тақырыбындағы докторлық диссертациясы қорғалады.
Қорғау тілі: қазақша.
Диссертациялық жұмыс Қарағанды техникалық университетінің «Технологиялық жабдықтар, машинажасау және стандарттау» кафедрасында орындалған.
Ғылыми кеңесшілер:
- Шеров Карибек Тагаевич – техника ғылымдарының докторы, Қарағанды техникалық университетінің «Технологиялық жабдықтар, машинажасау және стандарттау» кафедрасының профессоры.
- Насад Татьяна Геннадиевна – техника ғылымдарының докторы, Ю.А.Гагарин атындағы Саратов мемлекеттік техникалық университетінің «Машина жасаудағы технология және басқару жүйелері» кафедрасының профессоры (Саратов қ., Ресей Федерациясы).
Пікір берушілер:
- Усупов Сабий Сейтказиевич – техника ғылымдарының докторы, профессор, Алматы технологиялық университетінің «Өндірістік процестерді автоматтандыру және механизациялау» кафедрасының меңгерушісі.
- Ногаев Кайрош Абилович – техника ғылымдарының кандидаты, доцент, Қарағанды индустриалдық университетінің «Технологиялық жабдықтар және көлік» кафедрасының меңгерушісі.
Қорғау 2020 жылдың 25 желтоқсанында сағат 11.00-де Қарағанды техникалық университетінің 6D071200 «Машина жасау», 6D071300 «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» мамандықтары бойынша PhD докторлық диссертацияларын қорғау диссертациялық кеңесінде, келесі мекен-жайда өтеді: 100027, Қарағанды қаласы, Н. Назарбаев даңғылы, 56, бірінші корпус, 319 дәрісхана.
Сайттың мекен-жайы: http://www.kstu.kz/dissertatsionny-j-sovet/
e-mail: suleeva.s@inbox.ru