Құрметті студенттер!
Пекин технологиялық институты 2021-2022 оқу жылында Сһіnа Scholarship Council стипендиясының қаражаты есебінен магистратура (2 жыл) және докторантура (4 жыл) бағдарламалары бойынша ҚарТУ студенттері ушін 3 орын бөлгенін хабарлаймыз
Стипендия оқу, медициналық сақтаңдыру және жатақхананың шығындарын өтейді.
Қытайға және кері ұшу стипендия мөлшеріне кірмейді.
Стипендия мөлшері:
- магистранттар үшін-3000 юань
- докторанттар үшін-3500 юань
Магистратура бағдарламалары (2 жыл оқу):
- Аэронавтика және космонавтика;
- Машина жасау;
- Электроника;
- Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар;
- Басқару технологиялары;
- Компьютерлік ғылымдар және технологиялар;
- Химиялық технологиялар;
- Химия;
- Құқықтану
Оқыту ағылшын тілінде жүргізіледі. Осыған байланысты үміткерлерге тест нәтижелерін ұсыну қажет:
- TOEFL, мин. балл – 80,
- немесе IELTS Academic, мин. балл — 5.5.
Қытай тілінде оқығысы келетіндер үшін HSK5 емтиханының нәтижелерін ұсыну қажет.
Өтініш беру мерзімі: 2021 жылғы 28 ақпан.
Бағдарлама бойынша білім алғысы келетін барлық студентті 241 кабинетке (бас корпус ҚарТУ) келуін өтінеміз.
Пекин технологиялық институты және оқу бағдарламалары туралы ақпаратты мына сілтемеден қарай аласыздар: http://isc.bit.edu.cn/docs/2020-10/20201015030042610714.pdf