ЕРЕЖЕ «Менің туған өлкем» тақырыбында бейнеролик түрінде студенттік жобалық жұмыстар байқауын өткізу туралы


ЕРЕЖЕ

«Менің туған өлкем» тақырыбында
бейнеролик түрінде студенттік жобалық жұмыстар байқауын өткізу туралы

Жалпы ережелер

1.1. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында патриоттық тәрбие бойынша ҚарТУ-дың 1,2 курс студенттері арасында бейнеролик түрінде студенттік жобалық жұмыстар байқауын өткізу туралы ереже ( әрі қарай — байқау) байқауды өткізудің тәртібі мен шарттарын реттейді.

1.2. Байқау Қазақстан тарих кафедрасы өткізеді.
1.3. Дайындықтың жалпы жетекшілігін Байқаудың ұйымдастырушы комитеті жүзеге асырады.
1.4. Байқауды өткізу және қорытынды шығару үшін Байқаудың ұйымдастыру комитеті байқау комиссиясын (әрі қарай– Комиссия) құрады.

2.Байқаудың мақсаты мен міндеттері

2.1. Байқаудың мақсаты «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру. Танымал тұлғалардың өмірі, туған жерімен байланысты тарихты, елді мекендердің көрікті жерлерін зерттеу және зерделеу негізінде патриоттық сезімді қалыптастыру және Туған өлкенің байлығын сақтаудағы жауапкершілікті қалыптастыруға мүмкіндіктер ашу. Қазақстан Республикасының аумағында бейбітшілік пен келісімде тұратын түрлі ұлттар арасындағы достық пен толеранттылық қарым-қатынасты дамыту.

2.2.Байқаудың міндеттері:

— Туған өлкенің байлығын сақтаудағы жауапкершілік пен патриоттық сезімді;
— жас ұрпақтың белсенді азаматтық ұстанымы қалыптастыру;

2.3. Ұйымдастыру комитетінің орналасқан жері: Қарағанды қаласы. Бейбітшілік Бульвары 56.,1 корп., каб.211.
2.4.. Байқау жұмыстарын ұйымдастыру комитетінің мекен-жайына немесе электронды поштаға жіберулеріңізге болады: kair_st@mail.ru

3. Байқауды өткізу шарттары мен тәртібі

3.1.Бейнероликтің хронометражы 240 секундқа дейін(3 мин).
3.2. Тақырыбы мен негізгі идеясы: Видеороликте өңірдің атақты тұлғалары, табиғаты, тарихи және ескерткіш ғимараттары мен құрылыстары туралы баяндалуы, әңгімеленуі керек. Бейнероликте ең басты назар автордың өлке тарихына қатысы болуы шарт.

3.3. Байқауға ҚарТУ-дың 1.2 курс студенттері қатысты.

4. Байқаудың өткізу кезеңдері:

4.1. Байқау 2020 жылдын 11-22 караша аралығында өткізіледі.
4.2. Байқауға қатысу үшін студенттер ұйымдастыру комитетініңе келесі материалдарды жібереді:

— №1 қосымшаға сәйкес байқауға қатысушылар өтінімдерін;

— бейнероликтің электронды нұскасын
4.3. Бейнероликтін форматы: mpeg4 / h.264 немесе avi пішімі жоғары.
4.4. Бейнеролик құрамында титулдық жазбамен сүйемелденеді:

— автор туралы мәліметтер: Тегі, Аты, Әкесінің аты,

— топ, факультет, телефон нөмірі;

4.5.Номинацияда 1,2,3 дәрежелі жеңімпаздар анықталады.
4.6 Байқау комиссиясы қатысушылардың жұмыстарын ұйымдастыру комитеті бекіткен бағалау критерийлеріне сәйкес бағалайды.
4.7.Байқауға жіберілген жұмыстар қайтарылмайды, бұл ретте ұйымдастырушылар оларды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға және бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру кезінде пайдалануға құқылы.

5. Байқау қорытындысын шығару және жеңімпаздарды марапаттау.

5.1. Байқаудың қорытындысы 2020 жылдың 24 караша кездесуде жарияланады. TEAMS платформасында, кіру коды: 2jhlxj5
5.2. Нәтижелері ҚарМУ -да жарияланатын болады. Комиссия шешімі түпкілікті болып табылады.
5.3. Комиссия шешімі бойынша жеңімпаздар қорытынды бойынша дипломдармен марапатталады.

№ 1 қосымша

«Менің туған өлкем» атты бейнеролик түрінде студенттік жобалау жұмыстары байқауын өткізу.

Өтінім

Студенттің аты-жөні ЖОО
факультет, курс Конкурстық жұмыстың атауы Индекс,
мекен-жайы, телефоны

«_______»_______________2020ж.

Өтінім электрондық мекен-жайға жіберіледі

kair_st@mail.ru

Без рубрики