Мастер-класс есебі, тақырыбы: «Студенттік ортада сыбайлас жемқорлықты жою»


 

Факультет: ИТФ
Кафедра: АЕЖ
Мамандық: ИС, МКМ и IT-медицина
Кураторы: Сулеймен А.Е., Сейпишева Э.К., Абилдаева Г.Б.
Курс: ИС-20-1, МКМ-18-1, ІТМ-19-1. Студенттер саны: 63 адам.
Уақыты: 11.11.2020 15:00 – 15:50
Өткізу формасы – «Microsoft Teams» бағдарламасы арқылы
Тәрбие сағатының тақырыбы:
«Студенттік ортада сыбайлас жемқорлықты жою»

Жоспар:
I. Кураторлардың кіріспе сөздері.
II. Негізгі бөлім
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру мүмкін бе?
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік органдар
III. Қорытынды
Дөңгелек үстелге эпиграф: Елдің болашағы – жас ұрпақтың қолында!
I. Дөңгелек үстелдің мақсаттары мен міндеттері.
Дөңгелек үстелдің мақсаты – сыбайлас жемқорлықты қабылдамауды қалыптастыру, студенттік ортада парасаттылықты тәрбиелеу.
Дөңгелек үстелдің міндеттері:
– студенттердің саяси-құқықтық білімін қалыптастыру;
– студенттік ортада жемқорлыққа қарсы сана мен жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру;
– сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік қарым-қатынасты нығайту жөніндегі бастамаларды көтермелеу;
– сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды ұйымдастыруға қатысу.
«Коррупция» термині латын тілінің «corrutpere» деген сөзінен шығып, мағынасы жағынан «мемлекет организмін, қоғамдық қарым-қатынастарды бұзу» дегенді білдіреді, «параға сатып алу» терминімен сәйкес, яғни лауазымды тұлғаның өз билігі өкілеттігі мен сеніп тапсырылған құқығын заңға және моральдық нормаларға қайшы келетін өтірік айту, бопсалаушылық, сөзбұйда жасау жолдарымен жеке бас пайдасы үшін пайдалануы. Көбіне бұл термин бюрократиялық аппаратқа және саяси элитаға қатысты жиі қолданылады. Осыған сай термин әдетте бастапқы латын сөзінің бірінші мағынасынан шығатын кең мағынаға ие, әдепсіздік тәртіпті білдіреді.
Жемқорлықты жеңу Қазақстан үшін Елбасы Н.Ә. Назарбаев нақты белгілеген мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Сол себепті Президент өзінің «Қазақстан-2050» стратегиясында дамыған мемлекеттің жаңа саяси басымдықтарының бірі ретінде сыбайлас жемқорлықпен күресті атап көрсетті.
Қазақстан Президенті Н. Назарбаев сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы айтқанда қоғамның көмегінсіз жемқорлықты жеңу мүмкін еместігін бірнеше рет атап өтті. Жастар, сендердің жалпы күрделі мәселелерді шешуге, оның ішінде сыбайлас жемқорлықты жеңуге де қажет білімдерің жетерлік.
II.Основная чсть
Келесі кезекте бейнероликке берсек
1. Осы бейне роликті көрген кезде қандай сезімде болдыңдар?
2. Роликтегі адамдардың әрекеті дұрыс па?
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті.
Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлық әлемнің кез келген елінде оның саяси дамуына байланыссыз, оның ішінде Қазақстанда да, әлеуметтік құбылыс ретінде өмірін жалғастырып келеді, ол тек ауқымдылығымен ғана ерекшеленеді. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді. Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады.
Студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарастарын қалыптастыру мақсатында университетте тұрақты түрде «Таза сессия» штабы жұмыс істейді. Штаб қызметінің негізгі идеясы жастармен кездесулер өткізу және оларға жемқорлыққа қарсы заңнаманы, сыбайлас жемқорлық туралы ұғымды түсіндіру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар бойынша шараларды жетілдіру, студенттер арасында заңдылық пен жемқорлыққа қарсы тәртіп орнату, сыбайлас жемқорлық құбылыстарына қарсы әрекет ете білуге тәрбиелеу.
Жастардың алған білімдері оларды өмірде туындаған кез келген жемқорлық атаулымен кездестірмейтіндігіне сенгіміз келеді.
Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы!
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру мүмкін бе?
Қазіргі заманғы әлемде сыбайлас жемқорлықпен күресуді күшейту жұмысы үздіксіз жүргізілуде және әрдайым жетілдірілу үстінде. Әлемде сыбайлас жемқорлықпен күресу механизмінің барлық елдерге тиімді болатын бірегей жинағы жоқ. Әрбір мемлекет қолданатын сыбайлас жемқорлықпен күресу әдістерінің жиынтығы өзгеше, ол елдің саяси және экономикалық тұрақтылығына ғана емес, сонымен қатар әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлеріне, діни ерекшелігі мен құқықтық мәдениет деңгейіне және аумағы бойынша алатын жеріне, халқының саны мен орналасу тығыздығына да байланысты болып келеді.
Қазақстанда экономиканы жандандыру және ауқымды әлеуметтік түрлендіру жағдайында мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған заманауи әлеуметтік-экономикалық саясатымен тығыз байланысқан бүтіндей стратегияның қажеттілігіне анық көз жеткізілді.
Осыған байланысты 2014 жылдың 26 желтоқсанында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегиясы бекітілді.
Стратегияның мақсаты мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа кез-келген жемқорлықтың туындауына «нөлдік» төзімділік таныту атмосферасын құру жолын қолдану арқылы барлық қоғамды тарту, сондай-ақ Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады.
Стратегиямен белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың басты бағыттары мынадай:
● мемлекеттік қызмет саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар қолдану;
● қоғамдық бақылау институттарын енгізу;
● мемлекеттік сыңайлы және жеке меншік секторларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау;
● құқық қорғау және сот органдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу;
● сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру;
● сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік органдар
Еліміздің Тәуелсіздік алған алғашқы күнінен бастап мемлекет Басшымыз бәрімізде тек бір уайым – қазақстан халқының амандығы және бір мақсат – Отанымыздың гүлденуі екендігін әрқашан атап көрсетеді. Бүгінгі таңда халқымыздың бірлігі мен елдегі тұрақтылық арқасында экономикамыз өркендеп, соның салдарынан азаматтарымыздың хал-ахуалы жақсарып келеді.
Елбасының Қазақстан халқына Жолдауларында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған және әкімшілік реформалар – мемлекеттік басқару жүйесін жеңілдетуден туындайтын міндеттерге басты назар аударылған. Елбасы сыбайлас жемқорлықпен күресудің негізгі бағдарламалық бағыттарын белгілеп берді. Содан бері мемлекеттік органдардың бақылау қызметтері қысқарып келеді, олардың жұмыстары бақылауға алынып, айқындығы қамтамасыз етілген, мемлекеттің экономика мен бизнеске араласуы кеміп келеді.
Осының нәтижесінде өзіне мемлекеттік қызметке өту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерімен айналысуды жинақтаған жаңа орган құрылды. Ел Президентіне тікелей бағынатын орган болып табылатын Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мемлекет пен қоғамның мемлекеттік қызметті, кадрлық саясатты жүзеге асырудағы күш-жігерін біріктіреді және сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге күш салады.
Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы орган жұмысының негізгі бағыты мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру болып табылады,өйткені бүгінде азаматтардың мемлекеттік органдармен жасайтын кез келген қарым-қатынасы, бір жағынан, сыбайластықтан құрылған қызмет түрін қабылдаумен байланысты.
Сыбайластық жемқорлықпен күрес мыналардың негізінде жүзеге асырылады:
● заң мен сот алдында бәрі тепе-тең;
● мемлекеттік органдар қызметін нақты құқықтық реттеумен (регламенттеумен) қамтамасыз ету, аталмыш қызметтің заңдылығы мен жариялылығы, оған мемлекеттік және қоғамдық бақылау жасау;
● жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық, саяси-құқықтық, ұйымдастыру-басқару жүйелерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау басымдылығы;
● жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қайта қалпына келтіру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарын жою және алдын алу;
● сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылармен күресуге жәрдемдескен азаматтардың жеке қауіпсіздігін және оларды ынталандыруды қамтамасыз ету;
● мемлекеттің мемлекеттік қызметті орындауға уәкілетті және оған теңестірілген тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауы, аталмыш тұлғалар мен олардың отбасыларының лайықты өмір сүрулері үшін бұл тұлғаларға еңбекақы (ақшалай қолдау) мен жеңілдіктер тағайындау;
● жеке және заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметтерін мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын тұлғалардың өкілеттіктерін делегирлеуді болдырмау, сондай-ақ оларға бақылау мен қадағалау жүргізу.
III.Заключение
Слайдпен жемқорлыққа байланысты мысалдар келтіру:
1. Мұғалімге мерекелерде гүл шоқтары мен сыйлықтар сыйлау жемқорлыққа жатады ма?
2. Емделіп болған науқас дәрігерге өзінің алғысын белгілі – бір сыйлықты ( гүл, сағат, портрет…..) сыйласа жемқорлыққа жатады ма?
3. Жоғарғы оқу орындарында студенттер емтихан уақытында оқытушыларына үстел жасаса, бағалы сыйлық әперсе, жемқорлыққа жатады ма?
Студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыру және студенттік ортада академиялық адалдық қағидатын енгізу мақсатында біздің Қарағанды техникалық университетінде «Саналы ұрпақ» клубы құрылып, адалдық, парасаттылық және әділдік қасиеттерін нығайтуға бағытталған іс-шаралар кешені жүргізіліп тұрады.

 

 

Uncategorized