Қарағанды техникалық университетінде «Техникалық ЖОО-да шет тілін оқытудағы мәдениетаралық аспект» атты студенттердің кездесуі өтті.
Бүгінгі таңда болашақ мамандарға өз ойларын сауатты, нақты және қысқа жеткізуге, өз көзқарастарын қорғауға үйрету маңызды. Бұл жолы кездесуді ҚарТУ шет тілдер кафедрасы ұйымдастырып, ағылшын тілінде өткізді.
Негізгі мақсаты — бірінші курс студенттерінің креативті ойлау қабілетін дамыту. Бұл креативті индустрияның жаңа бағытының ажырамас бөлігі – «creative industries» болып табылады. Онлайн-пікірсайыс Microsoft Teams платформасында өтті. Елуден астам студент ағылшын тілінде пікірсайыс жүргізу қабілеттерін дәлелдеді.
Іс-шараға қатысушылар түрлі-түсті анимациялық слайд-шоу көрсетіп, қызықты фактілермен, жаңалықтармен және стандартты емес ойларымен бөлісті.
Сөз сөйлеу барысында «Шет тілдерін оқытудағы мәдениетаралық коммуникация», «Техникалық ЖОО-дағы ағылшын тілін оқыту және мәдениеттің ерекшеліктері», «Болашақ мамандарды оқытудағы басымдықтар және даму перспективалары», «Жапон тілі және мәдениет аспектілері», «Мәдени және лингвистикалық өзгерістер», «Қоғамның ауызша және жазбаша сөйлеуді дамытуға әсері» тақырыптары қозғалды.
Мәдениет пен тіл бір-бірімен тығыз байланысты, бірін екіншісіз үйретудің мағынасы жоқ. Интернеттің, технологияның қарқынды дамуы және әлемдік жаһандандыру тез ақпарат алмасуға ықпал етеді, қажетті коммуникацияларды алуға және басқа халықтардың мәдениетімен танысуға мүмкіндік береді. Тілдерді үйренуге деген қызығушылық шетелде жұмыс істеу перспективасына, сондай-ақ қазіргі еңбек нарығында болашақ мамандардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді.
ҚарТУ-да өткізілген кездесу біздің студенттердің басқа халықтың мәдениетін құрметтеуді және басқа мәдениет өкілдеріне толерантты болуды қаншалықты маңызды деп санайтынын тағы да дәлелдеді.
ҚарТУ баспасөз қызметі