Құттықтаймыз!


Қарағанды техникалық университетінде ғылыми-зерттеу қызметін ынталандыру және ЖОО жас ғалымдарының ғылыми әлеуетін дамыту мақсатында жас ғалымдарға арналған грантқа ғылыми жобалар конкурсы өткізілді.

Іріктеу кезеңіне 7 жоба өтті. Ұсынылған құжаттарды бағалау Қарағанды техникалық университетінің жас ғалымдарға арналған грантына ғылыми жобалар конкурсын өткізу туралы Ереженің 7.1 т.негізінде жүзеге асырылды. 2020 жылғы 29 қазанда өткен конкурс комиссиясының отырысы барысында ұсынылған құжаттарды талдау және үміткерлерді тыңдау нәтижелері негізінде бағалау жүргізілді және нәтижелері анықталды.

Байқаудың жеңімпаздары:

  • 1 санатты Грант 600 000 теңге —  оқыт., PhD АриноваС.К.;
  • 2 санатты Грант 500 000 теңге – аға оқыт. Айтбаев Н.Б;
  • 3 санатты Грант 400 000 теңге – аға оқыт. PhD Достаева А.М.
Без рубрики