Болон процесін дамыту Департаментінің негізгі функциялары мен міндеттері:
БПДД келесі мақсаттарды іске асыру үшін СМжәнеАО, ЖОО кейін даярлау, Сайтты дамыту, Халықаралық ынтымақтастық орталықтарының жемісті қызметін ұйымдастырады:
— Білім берудің ішкі жіне сыртқы нарығында ЖОО-ның бәсекелесе алу қабілетін жоғарлату;
— ЖОО мен мамандықтар рейтингін жоғарлату;
— Білім беру қызметі тұтынушыларының қанағаттанушылығын жоғарлату;
— ЖОО қызметінің процестерін жақсарту.
— СМЖ процестерінің вариабелділігін төмендету арқылы студенттердің кәсіби, әлеуметтік және этикалық даярлығының шарттарын жоғарлату.
— ЖОО барлық қызметкерлерінде білім сапасына деген жауапкершілігін арттыру;
— өндірістен тыс шығындарды азайту;
— ЖОО мәдениетін, инфрақұрылым және өндірістік ортасын жақсарту;
БПДД өз мақсаттарын келесі функцияларды орындау арқылы жүзеге асырады:
— Сапа саласында ҚарМТУ-дың саясаты мен мақсаттарын орындау;
— ҚарМТУ-дың СМЖ талаптарын орындау;
— Білім беру қызметі тұтынушыларының қанағаттанушылығы мен сапа менеджмент жүйесінің жұмыс істеуін бақылау;
— Сапа жүйесінде ҚарМТУ қызметкерлерінің біліктілігін жоғарлатуын жоспарлау және ұйымдастыру;
— ЖОО кейінгі дайындықты ұйымдастыру, атап айтсақ магистратура мен PhD докторантурасы;
— Университет Сайтын дамыту;
— Ұлттық және халықаралық рейтинг талаптарын орындау бойынша жұмысты орындау;
— Халықаралық акредиттеуді орындау үшін мамандықтарын дайындау және ұйымдастыру;
— Қос диплом бойынша білім бойынша дайындықты іске асыру.
БПДД негізгі міндеттері:
— ЖОО қызметін зерттеу, талдау және ҚР білім беру орындарының даму саясатына, ҚР Президентінің Жолдауына көрсетілген білім беру саласындағы приоритеттерге, ҚР БҒМ даму саясатына сәйкес университет қызметі дамуының негізгі стратегиялық бағыттары бойынша ұсыныстарды дайындау;
— Әлемдік практиканы зерттеу және әртүрлі қызмет бағыттары бойынша ЖОО-ның жоғары техникалық оқу орны ретінде даму мәселелері бойынша ұсыныстар жасау.
— Мамандықтарды дамыту мен білімнің барлық деңгейлерінде мамандарды даярлаудың сапасын нығайту мақсатында Білім және білім емес оқу орындарымен, халықаралық ұйымдарымен және индустриямен стратегиялық серіктестікті құру мен дамыту;
— ЖОО-ларды Халықаралық саралау және оларды ЖОО қызметіне ендіру бойынша ұсыныстарды өңдеу;
— Ұлттық және халықаралық деңгейлерде ҚР ЖОО-лар рейтингінде ЖОО-ның қатысуын ұйымдастыру;
— ЖОО имиджін дамыту бойынша және оның халықаралық эксперттерді, өндіріс, білім беру саласының мамандарын, министрліктер мен басқа да мемлекеттік органдардың өкілдерін шақыру арқылы жоғары мектептің өзекті мәселелері бойынша әртүрлі шараларды өткізу арқылы жетілдіру жұмыстарын жүргізу;
— Аккредитациялық бағалау үшін сапа жүйесін демонстрациялау мақсатында мамандықтар бойынша дайындық сапасын жетілдіру мен қолдау, жабдықтау процесін бақылауға және бағалауға мүмкіндік беретін жүйенің жұмыс жасауын модификациялау және жаңғырту;
— Аккредитациялық талаптарға сай оқу бағдарламалары бойынша мамандарды дайындау, оқытушыларды және студенттерді бағалау жүйесінің сапасы бойынша қамтамасыз ету шараларын талдау;
— Әртүрлі елдердің Аккредитациялық Агенттіктері арқылы анықталған Аккредитациялық процедуралар бойынша университет құрылымдық бөлімшелері жұмысының координациясы;
— Білім беру бағдарламалары бойынша Аккредитациялық Агенттіктерінің бағалау критерийлерін талдау және экспертиза талаптарына сай механизмді жасау;
— Білім беру сапасы мен рейтинг сұрақтары бойынша семинарларды, тренингтерді ұйымдастыру;
— Оқу процесін бағалау бойынша жұмыс жүргізу: аудит және мониторинг, анализ және ЖОО мен білімді басқару жүйесі бойынша ұсыныстарды жасау;
— Келесі анализ бен мониторинг түрлері бойынша білім беру сапасын іштей бағалау механизмін жасау: өзін өзі бақылау, студенттер білімінің сапа жүйесін және білім беру бағдарламаларын анализдеу;
— Аккредитация, аттестациялау және тағы басқа сертификаттаудың әртүрлі түрлеріне деген халықаралық және ұлттық талаптарына сай білім сапасының сырттай бағалау механизмін жасау;
— Департаменттің басым бағдары бойынша институттарға халықаралық білім беру ұйымдарымен нәтижелі ынтымақтастық орнатуға көмектесу;
— ЖОО саралауы мен оның сапасын көтеруіне сай білім сапасына сәйкес келу мақсатында әлемдік практикада негізделген оқу бағдарламаларын жақсарту бойынша институттарға көмектесу.