НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!


Коронавирустық инфекцияның карантиндік шектеулерінің сақталуына және білім беру процесінің қашықтық форматқа көшуіне байланысты, жатақханалардан орындар растайтын құжаттар болған жағдайда қамтамасыз етіледі: 

  1. Тек қана 3-5 курс студенттері төмендегі категорияларға жататын:

1) даму мүмкіндіктері шектеулі адамдар, мүгедектер және бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, ата-анасының біреуі немесе екеуі де мүгедек болып табылатын тұлғалар;

2) Кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы адамдар, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түскен ауыл жастары қатарындағы адамдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын оралмандар;

3) «Мәңгілік ел жастары — индустрияға!» («Серпін – 2050») жоба аясында оқитындар;

  1. Тек қана1-2 курс студенттері төмендегі санатқа жататын

  жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар.

Жоғарыда аталған студенттер үшін 2020-2021 оқу жылында жатақханалардан орын ұсынуға өтініш 2020 жылдың 20 тамызынан 25 тамызына дейін қабылданады (жатақханаларға орын бөлу туралы комиссияның қарауына).

Без рубрики