Кураторлық Кеңес жұмысы


Кураторлық Кеңес жұмысы

 

2012 жылдың 28 қыркүйек күні сағат 12.40 экономика иснтитутының «Өнеркәсіп экономикасы», «Өндірісті ұйымдастыру» және «Өнеркәсіп орындарының менеджменті» кафедраларының 25 кураторлары мен ҚарМТУ кураторлар кеңесінің төрайымы Д.Т. Оспанова, экономика институтының директоры Н.А. Алпысбаева және тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасары С.А. Жәутікованың қатысуымен кураторлар жиналысы болып өтті.

Аталмыш жиналыста кураторлар Кеңесінің төрайымы 1-2 және 3-4 курс кураторларының партфолиоларын толтыру тәртібі, қазақ және орыс тілдерінде ZIMBRA пошталық бағдарламасы арқылы хат жолдау жүйесі туралы көптеген ұсыныстар мен пікірлер айтып, хабарландыру жасады. Сонымен бірге, «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың интерактивті лекциясы» мен кураторлық сағаттардың талдау үлгілері туралы және «Діни экстремизм» тақырыбындағы материалдарды кураторлар назарына ұсынды. Болып өткен жиналыстың қорытындысы ретінде институт кураторлары Университет сайтындағы ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ бөлімінде орналастырылған ақпараттармен танысып отыратынын атап айтты.

«Патриоттық тәрбие беру» ҒЗИ әдіскері Сламбекова Ә.Қ.

Без рубрики