Осы жылы ашық есік күні 2020 жылдың 13 және 14 ақпанына жоспарланған болатын. Алғашқы күні қаланың Қазыбекби ауданының 22 мектебі шақырылып, студенттер саны 234 болды, олардың ішінде 160 оқушымен колледжіміздің мамандықтарына қабылдау туралы алдын ала келісім жасалды. Екінші күні қаланың Октябрь ауданының 18 мектебі шақырылып, студенттер саны 178 болды, оның ішінде 115 оқушымен колледжіміздің мамандықтарына қабылдау туралы алдын-ала келісім жасалды. Келісімдер студенттермен және олардың ата-аналарымен әрі қарай жеке жұмыс жасау мақсатында жаңа оқу жылында колледжге мүмкіндігінше көп студенттерді тарту мақсатында үгіт-насихат жұмыстарын жүйелі жүргізу мақсатында жасалады. Әрине, бұл колледж директоры Н.Смағұлова басқаратын колледж ұжымы жүргізетін жұмыс түрлерінің бірі.